- Негізгі бет
- Сән
- Күлгін түсті киім...
Күлгін түсті киім киген жігіттер қыздарға ұнайды екен
Ғалымдардың айтуынша, адамның келбетіндегі басты бөлік - киімінің түсі. Ал соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша, күлгін түс киген жігіттер қыздарға ерекше ұнайды екен.
Сараптамаға қатысқан қыздардың 28%-ы жігіт киімінің түсі көңілдерінен шықпағандықтан, онымен кездесуге келіспейтінідігін айтты. Арулардың 36%-ы ердің киімінде күлгін түсінің болатындығын қалайды екен.
Қыздардың 13%-ы ақ, 11%-ы көгілдір не қызғылт жейде киген жігіттерді ұнататындықтарын айтты. Жалпы қыздардың 25%-ы жігіттерінің гардеробына өзгертулер енгізуді арман қылады екен. Ал әр 20-ару отырыстарға шыққанда еріне не кию керектігін айтып отырады. Олардың 30%-ы жігітіне киім таңдайтындығын жасырмайды, одан ұялмайды да. Жігіттің гардеробына араласуының басты себебі - олардың талғамының жоқтығы деп көрсетеді көбісі.
Айта кетсек, жігіттер де қыздарының гардеробына қол сұғып, кеңес беруден шаршамайды екен. Әр 5-жігіт қызының киімі жайлы кеңес беруді дұрыс деп санайды.
Жалпы, қыздар мен жігіттердің 10%-ы сыңарының ұнамаған киімдерін жыртып, лақтырғысы келетіндігін айтты.
Ал сіз жігітіңіздің киіміне қаншалықты көңіл бөлесіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blogspot.com
С. А