- Негізгі бет
- Сән
- Кітап иісі шығатын...
Кітап иісі шығатын әтір
Құтыдағы кітап иісі. Иә, мұндай әтір де шықты. Әтір анықтамасында «Paper Passion — баспадан жаңа шыққан кітап парақтарының иісі аңқыған жұпар» деп көрсетілген.
Заман ағысына сай қазір көп жағдайда электронды кітаптарды оқу сәнге айналған. Бұл бір жағынан ыңғайлы болса, екінші жағынан қаржылай ұтымды келеді. Десе де, жаңа гаджеттерді пайдалануға дағдалынған оқырман қалай болғанда да кітап иісін аңсайтыны рас. Оның әсерін нағыз оқырман ғана бағалай білсе керек, себебі, Paper Passion әтірін жасау идеясы алдымен парфюмерге емес, Герхард Штайдл есімді баспагерге келген.
Ал, идеяны іске асыру парфюмер Геза Шоенның еншісіне бұйырыпты. Оның туындысы негізгі төрт ингредиенттен тұрады. Олардың негізгілері – ағаш пен этил линолеаты. Жұпар өте жеңіл. Әтірге арналған қорап та ерекше. Оның ішінде құтыдан бөлек, көлемі 16,5 х 11 х 3,5 см кітап орналастырылған.
А. Оралқызы