Кішкентай қара көйлекті пішінге сай таңдайық

Кішкентай қара көйлекті пішінге сай таңдайық

«Әр қыздың гардеробында бір кішкене қара көйлек болуы керек» деген ереже әр қызға таныс. Дегенмен, бұл қарапайым көйлекті таңдауда да қиналатындар бар. Кішкентай қара көйлек бәріне жараса ма? Пішіннің ерекшеліктерін ескере отырып оны қалай таңдау керек? Бүгін біз осы жайлы әңгімелейміз.  

1. Көйлектің кең етегінің жалпақ жамбасты жасырып тұруға септігі тиеді, ал жіңішке белге жасалған екпін мен ашық иық денеңіздің ең көркем тұстарын айқындап тұрады.

2. Егер жас мөлшеріңіз қолыңызды ашып қоюға мүмкіндік бермесе, жеңі ұзын кішкентай көйлек таңдасаңыз болады. Бірақ, бейнеңізді тартымды ету үшін жеңді біраз түрлендіру керек, мысалы шілтермен және т.б.

3. Егер сіздің денеңіз үлкен болса, қара көйлек сізге жараспайды деген сөз емес. Мұндайда басты ереже: жартылай қынама фасон, ұзындығы тізеге дейін, жеңі жоқ немесе тарылған болуы тиіс.

4. Кең иықты жасыруға тырысу керек. Ол үшін асимметриялық көйлек таңдаңыз. Мұндай көйлектер қазір сәнде.

5. Егер аяғыңыздың мінсіздігіне күмәндансаңыз – белдемшені ұзартыңыз.

6. Белдің кеңдігін ампир үлгісіндегі немесе 1920 жылдардың стилі – түсіп тұратын бел үлгісі жасыра алады. Сіз көйлектің басты екпіні белде болмауын қадағалауыңыз керек.

7. Үлкен кеудені жасыру үшін әрдайым V-ойық көмекке келген.

8. Ал кеудесі кіші ханымдар үшін кішкентай қара көйлек таңдауда ешқандай мәселе туындамайды. Алайда, егер кеудеңізді біршама үлкейтіп көрсеткіңіз келсе, лиф тұсы перделі, желбіршек немесе бүрмелі келетін көйлектерге назар аударыңыз. 

Сурет: camelia-shop.ru, vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

 Кішкентай қара көйлек


A. Mustafina