Кішкентай қара көйлек әр сәнқой арудың гардеробында болуға тиіс. Әр маусымда актуалды, ресми, әрі романтикалық кездесуге киюге болатын әмбебап киім үлгісі. Алайда оны қалай, немен кисе болады?
1. Әрине классикалық стильде пішілген кішкентай көйлекті киюге болатын бірден-бір жер - кеңсе. Көйлек тым ашық десеңіз, сыртынан пиджак киген дұрыс.
2. Салтанатты отырысқа кішкентай қара көйлек киіп барамын десеңіз, аксессуарларға ерекше көңіл бөліңіз. Мысал үшін, ою-өрнекті шұлық пен аяқ киім қарапайым көйлекті жағдайға сай қылып көрсетеді.
3. Қара көйлекті ресми киім деп кім айтты? Оны оп-оңай романтикалық кездесуге киіп барсаңыз болады. Жарқын түсті пиджак пен ерекше сөмке не клатч сізді нағыз ханшайым қылады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com, brooksbrothers.com