Instagram әлеуметтік желісінде үш жасар лондондық егіздер үлкен танымалдылыққа ие болуда. Сән үлгісін нақышына келтіріп киіне білген Майкл мен Даниэль Флора көпшілік назарын өздеріне аудара білді.
Егіз ұлдардың алғашқы фотолары әлеуметтік желіге 2013 жылдың көктемінен бастап жүктеле бастаған. Араға бір жыл сала тілшілер мен блогерлер назарына ілігіп, жеке парақшаларына (@2yungkings) тіркелушілердің саны арта түскен. Қазіргі таңда егіздердің instagram желісінде 48 000-нан астам тіркелушілері бар екен. Есімдерін қысқаша М&D деп ықшамдап алған егіздер ата-анасымен Лондонда тұрады.
Ерекше үлгіде киінетін үш жасар егіздердің ұстанған стилдері өздеріне жарасымды-ақ. Сонымен қатар, кейбір танымал компаниялардың өнімдерін жарнамалаудан да қашпайтын көрінеді. Ал анасы Джейн Флора болса егіз ұлдарының талғамдары жоғары екенін айтқан. Олар күннен қорғайтын көзілдірік, галстук, көйлек пен өзге де аксессуарларды өздері таңдайтын болып шықты.
Жергілікті онлайн ақпарат құралдары болса, Майкл мен Даниэль Флораны instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал стилді киінетін балалар ретінде танып отыр.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: 4tololo.ru