- Негізгі бет
- Сән
- Кроссовканың түсі маңызды...
Кроссовканың түсі маңызды ма?
Фото:
look.tm
Биыл көктем мезгілінде кроссовканы көйлекпен кию сәнге айналды. Әдемі страздармен сәнделген кроссовкаларды сәнді етектермен кие алатын қыздарға мынадай кеңестер ұсынамыз.
Көк түсті
Көк түсті кроссовкалар барлық киіммен жарасады. Тіпті классикалық киімдермен үйлесіп, көзге ерекше түсетін болады.
Алтын түсті
Алтын түсті кроссовкалар трендке айналған. Әсіресе, сникерстер. Сәнді, жастарға арналған бұл түс сұр, қара және ақ түсті киімдермен әдемі жарасады.
Қызыл түсті
Қызыл түсті кроссовкалар жанарды аулайды. Қыззыл түсті кроссовкалар джинс шалбарларымен ерекше үйлеседі.
Классикалық үлгі
Жаңа тренд. Жүгіруге арналған кроссовкалар да дәстүрге тән дағдыдан алмаса бастаған. Яғни оларды да етектермен кию қазір ерсі емес.
Г. Берік