Биыл спорттық стиль басты трендке айналғаны бәрімізге мәлім. Сәнқой аруларымыз стильді кроссовка мен кеданы алып, әртүрлі образ қалыптастыруда.
Спорттық стиль – қазіргі және ертеңгі маусымның өзекті тенденциясы. Сондықтан оны әртүрлі үлгіде киюге болады. Тіпті күнделікті образ қалыптастырсаңыз да өз еркіңіз.
Қазірде кроссовканы үйлестірудің бірнеше үлгісі бар. Ең ескі әрі ыңғайлысы – джинс шалбарымен үйлестіру. Түзу келетін немесе бойфренд джинспен киіп, батыл образ қалыптастыра аласыз. Ал егер бұл образды қызықтырақ, ерекше еткіңіз келсе, түрлі түсті жеңіл жейде не топпен киіп, ерекше аксессуарлармен үйлестіріңіз.
Спорттық стильді қара түс сәнді әрі әдемі етеді. Кеңдеу қара шалбар мен қысқалау топпен киіп көріңіз. Бұл образ кеңсе, кездесу мен кешкі шараларға лайық болары сөзсіз.
Биылғы жазда кроссовканы белдемшемен үйлестіруге болады. А-пішінді кең етек, тар тұратын ұзын белдемшемен де кие беруіңізге болады.
Сонымен қатар спорттық аяқ киімді костюммен де кие аласыз. Алайда костюм не шалбар ашық түсте болғаны дұрыс. Костюммен слипон немесе кеда жақсы үйлеседі. Костюмнің ішінен топ не жеңіл блуза киюіңізге болады.
Бұдан өзге де қызықты, ерекше образ қалыптастыруыңызға болады. Іске сәт!