Кір сабынның қолданысы қандай?

Жарақат алып қалған жағдайда суық мұз немесе кір сабын жағуға болады. Сонда жарақат орны көгермейді.

Суық тиіп, тұмауратып қалу қаупі туса,  кір сабынды мақтаға жағып бет орамал ретінде пайдалансаңыз аурудың алдын алады.

Грибок ауруына да қарсы кір сабынды пайдалануға болады. Жараның орнын кір сабынмен жуып, кепкен соң йод жағып қойыңыз. Немесе үш апта бойы таңертең, кешке кір сабынмен жуыңыз.

Депиляция жасаған соң қымбат крем не гель алғанша, кір сабынмен жуып тастасаңыз тері қышып зақымданбайды.

Мамандар кір сабынмен гигиеналық заттарға дезинфекция жасауға кеңес береді. Тарақ, тіс пастасы сынды заттарыңызды кір сабынмен көпіртіп, таңға дейін қойып қойыңыз. Таңертең жуып тастағыз. Мұндай тазалық жұмысын 3 айда бір рет жасап тұрған жөн.

Шашты да айына бір рет кір сабынмен жуып тұрыңыз. Соңынан лимон не сірке суы қосылған қоспамен жуыңыз. Сонда шашыңыз қайратты әрі қайызғақсыз болады, түсуін де тоқтатады.

Кір сабынмен аптасына екі рет жуынсаңыз, теріңіз жастығын жоғалтпайды. Жуынып болған соң балаларға арналан крем жағыңыз.

 

Дереккөз:stan.kz