Өзіңізге арналған тасты астрологиялық классификацияның көмегімен білесіз. Ол адамның жұлдызы мен мінезінің сәйкестігін табу арқылы анықталады.
Тастың жақсы әсері болуы үшін онымен тығыз байланыс орнату керек. Ол байланыс тастың иесіне ұнаған жағдайда ғана орындалады. Ал ұнамаған жағдайда иесіне тек жамандық шақырады.
Көп жағдайда тасты адамның сыртқы келбетіне, әсіресе көзінің түсіне қарап таңдайды. Әрбір жұлдызнаманың антиподы болатындықтан, тастар да өз кезегінде гармониялық және диссонантты деп екіге бөлінеді.
Төменде кімге қандай тас сай келетіндігін баяндайтын кесте берілген.
Көз
Рекоменделетін тастар
Қоңыр
Ақық, қара кәріптас, авантюрин
Жасыл
Ақық, александрит, амазонит, ақшыл жасыл түсті берилл, көгілдір ақық, гроссулярит, малахит, хризопраз
Алтын түстес
Алтын түсті асыл тас, гелиотроп, сарғыш қызыл гиацинт
Көк
Сарғыш қызыл және алтын түстес барлық асыл тастар
Қара
Көгілдір ақық, маржан, көгілдір аметист
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kieo.ru