Көз алдындағы қалта (мешок) сұлулық белгісі ретінде танылуда.
Кәрістің қыз-келіншектері көз айналасына орнайтын қалтаны иемденуге пейілді. Бұл уақытта Еуропа мен Американың қыз-келіншектері құтылудың бар айла-амал, тәсілдерін жасап, ота жасатуда.
"Aegyo Sal" деп аталып кеткен сән үлгісі ұйқысыздық пен кәрілік жаста туындайтын көз айналасының қызарып, ісініп кетуін ерте жастан орнату деген сөз емес. Көш ілгері кеткен сән түрі көз астына ғана байланысты әрі тері түсімен бір салмақта қарастырылады.
Сұлулықтан сыртқары саналып келгенімен, кәріс сұлулары олай ойламайтын болып шықты. Олардың ойынша, дәл осы бір сән үлгісі арқылы адамның сүйкімі артатын болып отыр. Соған қосымша, қызбалық пен жастық албырттықтың да түр-реңкі көрініс тауып тұрмақ екен.
Көз әсерінің (Эффект) осы бір түрін иемденуде көп амал, тәсілдер бар көрінеді. Мәселен, пластикалық хирургияның өтеуі. Көз астына түсіретін қажеттіліктерге таңдау жасалынады. Олардың бірі, көз астына ұқыпты жабыстырылатын резеңке немесе интернет әлемінде толып тұрған басқа да нұсқалар.
Бүгінгі таңда Кореяның әйгілі қыз-келіншектері де "Aegyo Sal" сән үлгісіне ықылас білдіретін көрінеді. Оларға ілесе мектеп оқушылары да сәннен қалыс қалмақ емес.
Сондықтан, ертеңгілік көз айналасының күлдіреп тұрғанын көрсеңіз, мұңаймаңыз. Жай ғана Кореяның тұрғыны болып тұрыңыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MhyCIUYyKbI","width":"450","height":"240"});
сурет: th-th.facebook.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек