- Негізгі бет
- Сән
- Комбинезон: өзектілігі жоғалмайтын...
Комбинезон: өзектілігі жоғалмайтын сәнді киім
Комбинезон – джинсы шалбар, көйлек немесе белдемше сияқты ешқашан танымал болған емес. Әрине, комбинезонды қатаң дресс-код ұстанатын офиске кие алмайсың, бірақ қыдырыс пен кездесулерге неге киіп бармасқа?
Комбинезонды немен үйлестіруге болады? Кімдерге жарасады? Қандай шараларға киген абзал? Мерекелік жиындарға үйлесімді ме? Осы және басқа да сұрақтарға материалымызда жауап береміз.
Комбинезон кімге жарасады?
Комбинезонның көмегімен ерекше және сәнді бейне жасау өте оңай. Оның бір ерекшелігі – бел аймағында көлденең жолақ болмайтындықтан бейнені ұзын етіп көрсетеді. Бұл дегеніміз, комбинезон аласа бойлы қыздарға да, екі-үш келі артық салмағын жасырғысы келетін қыздарға да жарасады.
Егер пішініңіздің типі «төңкерілген үшбұрыш» болса, кең джинсылы комбинезон таңдаңыз.
Джинсы комбинезонды жазда немен киген жөн?
Комбинезонды көп адам кимейтінін ескерсек, оны қарапайым ақ футболкамен киіп те елден ерекшелене аласыз.
Қысқа майка және комбинезон
Қара комбинезон ақ футболкамен ұтымды көрінеді
Белдемшелі джинсы комбинезон мен ақ футболка
Жалпы футболка қысқа немесе oversized болуы міндетті емес. Джинсы комбинезонға қарапайым ішке салынатын футболкамен киюге де болады. Бір жағы ағытылған иықбау бейнеңізге ерекшелік береді.
Джинсы комбинезон және сұр футболка
Ақ және сұр футболкадан өзге, комбинезонды тельняшкамен үйлестіріп кие аласыз. Оған бейтарап аксессуарлар жарасады.
Қалауыңызша бір түске екпін жасай аласыз: тельняшкаға қызыл немесе қою сары шарф орап немесе сол түске сәйкес туфли киіңіз.
Қара топ пен джинсы комбинезон – минимализм дәстүріндегі үздік үйлесім.
Комбинезонмен кез келген аяқ киім жарасады – ковбойлық етіктер, өкшелі ботильондар, жайпақ табанды кроссовкалар мен танкетка, босоножкалар.
Егер жағажайға бармақ болсаңыз, джинсы комбинезон мен қысқа топ кие салуға болады.
Футболка, қысқа топ пен водолазкадан өзге деним комбинезонды жейдемен де киюге болады.
Комбинезонды көктем мен күзде немен киюге болады?
Көктем немесе күзде комбинезонның сыртынан пиджак, плащ немесе пальто кие аласыз. Клатч пен сөмкеден басқа, комбинезонмен жолдорба да жақсы көрінетін болады.
Комбинезонды күнделікті киім ретінде емес, түрлі жиындарға да киюге болады. Мұнда ең бастысы оны басқа киімдермен үйлестіру. Міндетті түрде биік өкшелі аяқ киім киіп, қарапайым сөмкеңізді клатчқа немесе кішігірім сәнді сөмкеге айырбастаңыз.
Достармен отырысқа немесе кездесуге кафеге бармақ болсаңыз, комбинезонды ақ жейдемен үйлестіріңіз. Мойныңызға алтын жалатылған алқа, ал сырт киім ретінде пиджак кисеңіз болады. Мұндай бейнеге түр-әлпеті ерекше клатч жарасады.
Сурет: trendy-u.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina