Көптен күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Күннің аптап ыстығы жаныңызға рахат сыйлағанымен, салқын мекенді аңсап тұратыныңыз жасырын емес. Көптеген үйлерде, офистерде, автокөліктерде кондиционерлер іске қосылып салқын температураны ұстап тұрады. Алайда, көшеде, саябақта, немесе ағаштың көлеңкесін отырғанда желдеткішті жаныңыз қалайтыны тағы бар. Осы жағдайда өзіңізбен бірге алып жүретін кішігірім желдеткіштің (Веер) көмегіне жүгінгіңіз келеді. Көптеген дүкендер мен базарларда сатылғанымен, ұсақ-түйек заттардың арасынан табылатын дүниені алуға қатты бір құмарыңыз ауамайтыны сөзсіз. Енді сіз желдеткішті өзіңізбен бірге алып жүру үшін дүкен аралаудың қажеті жоқ. Тек, керекті заттарды пайдаланып үй жағдайында жасауыңызға болады. Бір жағынан өзіңіздің тағы бір дүниенің қалай жасалуын меңгеріп алсаңыз, екіншіден сырт көзге ерекше болып көрінесіз. Сонымен бұл қалай жасалатынына назар салыңыз.