Қыздарға арналған қолғап түрлерімен танысып өткен едік. Қолғапты өз қалауыңызша сәндеуге де болады екен. Ол үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Қайшы, ине-жіп, үйде жатқан кез келген моншақты алып, қолғабыңызды қалауыңызша сәндей аласыз. Біз бүгін қолғап сәндеудің бірнеше үлгісін ұсынып отырмыз. Ол үшін алда келе жатқан қыстың ақ қары түстес моншақты таңдадық.
| Моншақты сырманың жанына тігуге болады. Әр моншақты жеке-жеке қолғаптың ішінен тігу керек. | |
| Моншақты бір қабаттап іліп қоюға да болады. | |
| Моншағыңыз көп болса, оны екі қабаттап іліңіз. Моншақтың ұшын қолғапқа берік етіп қадаңыз. | |
| Немесе мынадай етіп моншақты қолғаптың әр жеріне шашып тастасаңыз болады. | |
| Болмаса, моншақты қолғаптың сырмасына іліп тағыңыз. Сізге қайсысы ұнады? Сіз өз қолғабыңызды қалай сәндер едіңіз? |
Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза