Егер қол сөмкені дене бітіміңізге қарай таңдайтын болсаңыз, онда ол сіздің көптеген кемшіліктеріңізді жасырып тұрады. Сондықтан қол сөмкені терінің түсіне, не дене мүшелердің өлшеміне қарай таңдауды бірге үйренейік.
Стилистер сөмке таңдағанда ең алдымен қолдың ұзындығына қарау жөн деп біледі. Одан соң дене бітіміңіздегі кемшіліктің қай жерде орналасуына да байланысты.
Әдемі дене бітіміңізді жасырғыңыз келмесе, қолы қысқа сөмке ұстаңыз. Ондай сөмкені иыққа салып алудың қажеті жоқ. Тек білекке салып жүрсеңіз, болғаны.
Бет пішіні домалақ қыздарға бауы жоқ сәнді сөмке жарасады.
Бойы қысқа аруларға қолы ұзын сөмке жарасымсыз көрінеді. Дұрысы - иыққа тағуға арналған бауы бар сәнді сөмке.
Бауы ұзын сөмкелер аяғы ұзын нәзік жандыларға жарасады. Сөмкенің түсі киіміңіздің не сәнді бұйымдарыңыздың түсіне сәйкессе, одан да жақсы.
Егер толық болсаңыз, домалақ сөмке тағушы болмаңыз. Одан да үш бұрышты қол сөмкені таңдағаныңыз жөн.
Ал арық қыздар домалақ пішінді сөмкелерді алаңсыз таңдауына болады.
Сүйегі ірі аурларға баусыз сөмкелер жарасады.
Бойы ұзын арулар бауы аса ұзын емес сөмкелер таңдағаны дұрыс.
Ал енді қол сөмке таңдау үшін дүкенге қарай асыға берсеңіз болады!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: pesh.su