- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі тренд: Екі...
Көктемгі тренд: Екі түсті далап
Не қызыл түсті, не күлгін түсті далапты таңдай алмай қиналып жүрсеңіз, сіз үшін жақсы жаңалығымыз бар: Бұл көктемде сізге осы таңдауды жасамауға да болады. Екеуін де сатып алыңыз да, ерніңізге екеуін де қоса жағып алыңыз. Мұныңызға ешкім де қырын қарамайтын болады. Өйткені биылғы көктемнің тренді - осы!
Нью-Йоркте өткен сән апталығында визажист Диана Кендал қызыл мен қызғылт сары түсті далапты қоса жағуды ұсынды.
Қос түсті бояуды ерінге бірден жағу дегенді түсінбей отырсыз ба? Екеуін бірінің үстінен бірін баттастырып бояудың керегі жоқ. Тек үстіңге ерніңізді қызылмен, ал астыңғы ерніңізді қызғылтпен бояңыз. Болмаса еріннің дәл орта тұсын басқа түспен бояп қойыңыз. Тек түстердің бір-бірімен үйлесуіне назар аударыңыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: cosmetic.ua