Көктемгі сәнді сөмкелер

Көктемгі сәнді сөмкелер

Сәнді сөмкелер күнделікті бейнеге ерекшелік беріп, сізді көпшіліктің арасынан ерекшелей алады. Осы көктемнің сәнді сөмкелері жайлы хабардар болыңыздар. Қандай трендтер? Қандай пішіндер? Қандай түстер?

Нәзік класссика

Дәстүрлі қара сөмкелер тым ресми көрінеді деп кім айтты? Классикалық "Lady Dior" стиліндегі сөмке көктем үшін де, кез келген басқа маусым үшін де мінсіз таңдау. Жеңіл көйлектер мен белдемшелермен жарасатын сәнді аксессуар нәзік көрінеді.

Сәнді деним

"Джинсы" трендін түрлендіріп, үйреншікті шалбарға емес, осы матадан тігілген аксессуарларға назар аударыңыз. Деним клатчы бір уақытта сәнді, жастарға сай, әрі өте ерекше көрінеді.

Ақ-қара

Минимализм – көктем сөмкелеріндегі тағы да бір тренд. Дәстүрлі ақ-қара түстері ұстамды болғандықтан, сізді ерекше салтанатты етіп көрсетеді. Әсіресе түгелдей ақ киіммен бұндай сөмке сәнді көрінеді.

Жылтыр

Күміс түсті жылтыр аксессуарлар нағыз сәнқой, батыл қыздардың таңдауы. Бұндай жарқын сөмке таңдасаңыз, бейнедеңіздегі басқа ұсақ-түйектер жылтыр болмауын қадағалаңыз. Әйтпесе, "шамадан тыс" шығып кетуіңіз мүмкін.

Былғары

Ұсақ-түйектері аз, жұмсақ былғарыдан тігілген қарапайым сөмке күнделікті қажетті аксессуар.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: glamour.com

С. А