Ұзын (макси) белдемше киген әрбір ару өзінің қайталанбас нәзіктігін, кербездігін, сұлулығын әлемге паш етеді. Себебі ұзын белдемше киген аруға әрбір ер-азамат көңіл аударады. Осы бір бейкүнә, тал шыбықтай бұралған нәзік бойжеткенді қорғағысы келетін сезім пайда болары хақ.
Макси белдемшені тек маусымда ғана емес, барлық уақытта да киюге болады. Сондықтан қалың, жұқа, біртегіс, ала, т.б. бірнеше түрін алып қойсаңыз, өкінбейсіз.
Қыста твид, жүн матадан тоқылған ұзын белдемшені міндетті түрде керек. Себебі бұл басқа киімдеріңізбен қатар, сізге қосымша жылылық береді.
Ал түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болып, сан құбылып тұрған көктемнің күнінде мұндай ұзын белдемше сүйікті киімдеріңіздің біріне айналары сөзсіз. Өйткені қулық жасап: ұзын белдемшенің астынан қалың колготка не леггинс киіп алсаңыз, ешбір суыққа қыңқ етпей жүре бересіз. Кеудеңізге қиғаш жабылатын былғары не күдері күрте, аяғыңызға ботильон кие аласыз. Аксессуардан білезік не сағат тағып, қолыңызға кроссбоди не мессенджер сөмке ұстағаныңыз жөн. Талғамы әсем меланхоликтер мен сангвиниктер бастарына берет немесе қалпақ киіп, сәнді образ жасай алады.
Биыл принтті материалдан тігілген белдемшелер мен көйлектер сәнде. Дүкендердегі жеңілдіктер кезінде осындай принтті ұзын белдемшені не былғары, күдері белдемшелерді гардеробыңызға қоса аласыз.
2015 жылдың көктем-жаз маусымының трендті түстерінің бірі – сары мен көк. Сондықтан дүкенге барып, осы реңктегі ұзын белдемшелерді алуыңызға болады.
"Құмсағат", "алмұрт" пішінділер жоғары жағына бойфренд жейдесін не блузаны маски белдемшенің ішіне салып, онсыз да қылдырықтай жіңішке белін жалпақ белдікпен айқындап, жігіттерімен қыдыруға барса, жұмыста биылғы трендтегі қысқа жакетпен үйлестіре алады. Әшейінде кеудесінің кішілігіне қымсынатын "алмұрт" бойжеткен күн салқындау кезде күртенің ішінен көпқабаттылық стилімен жейденің не блузаның сыртын кардиганмен "қабаттай" алады.
"Банан" мен "алмалар" да қамықпасын, бөксеге жетер-жетпес болып тұратын жұқа свитер не блузаны макси белдемшенің сыртына жіберіп, гранж стиліндегі дөрекі аяқ киімммен не ботильонмен толықтыруларына болады.
Сурет: blogspot.com
Ұқсас жазба:
Өңіржиекті заманауи киіммен үйлестіруге бола ма?