Көктемгі сән: Үйлеспейтін үйлесімділік

Көктемгі сән: Үйлеспейтін үйлесімділік

Барлық элемент бір-бірімен мінсіз үйлесетін классикалық стильден жалыққан дизайнерлер мен стилистер кейінгі жылдары өзара үйлеспейтін элементтерді алып, қалай әдемі қылып киюге болатынын подиумда жиі көрсетіп жүр.

2015 жылдың трендінде де бұл дәстүр қайталанды. Біз де өз оқырмандарымыздың көңілінен шығу үшін "Достық-Плаза" сауда кешеніндегі Promod дүкеніне аттандық. Себебі мұндағы киімдер мен бұйымдардың көптігінен тіпті басыңыз айналады. 

Ұсақ принттері, геометриялық фигуралары бар материалдан тігілген киімдер 2015 жылдың трендінде. Мұндай ұсақ бұршақ, гүлі, әртүрлі фигуралары бар киімдер әсіресе толықша келген қыз-келіншектерге өте жақсы жарасады. Ал талдырмаш бойжеткендер ірі принті бар көйлек, блузаларды кие алады.

Жалпы принті бар киімдерді киген кезде аксессуар тағудың қажеттігі болмай қалады. Сондықтан мұндай киімдер басы артық ештеңе кигіңіз келмейтін әсіресе, ыстық күндері өте ыңғайлы әрі сәнді.

Егер көңіл аударсаңыздар біздің бүгінгі модель қызымыз да әшекей бұйымдарын тек қолына ғана таққан.

Блуза - 7490 теңге

Белдемше - 9990 теңге

Лофер - 18990 теңге

Сөмке - 4690 теңге

Келбеті, дене бітімі нағыз қазақ қыздарына лайық сәнбикеміз бүгінгі тақырыбымызды: яғни, үйлеспейтін үйлесімділікті аша білді. Ұсақ принтті блузаны күдері белдемшемен кию бірден ойыңызға келе қоймауы мүмкін. Басқа кезде күдері белдемшемен биік өкше туфли киген лайық болар еді, алайда преппи стилінен ауысқан ашық түсті лофер образға қосымша әдемілік сыйлайды. Мұндай қысқа белдемшемен лоферді осылай үйлестіру тек 30-35-ке дейінгі жастағы қыз-келіншектерге жарасымды.

Дресс-код қатаң сақталмайтын жұмыс орнында күдері белдемшені сәл ақшыл сұр түстегі ботильонмен, осы түстес колготкамен үйлестіріп киюіңізге болады. Ботильоннның түсімен сәйкес келетін колготканы таңдау, аяқты ұзартып көрсетеді.

Сурет: Massaget.kz



Оқи отырыңыз:

Көктемгі сән: аруларға әдемілік сыйлаған ашық түстер

Көктемгі сән: Бойфренд стилі

Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casual стилі

Көктемгі сән: Smart casual стилі

Көктемгі сән: "Lady Like" стилі

Ф. Абилова