Кезінде әскерилерден ауысқан милитари стиліндегі тренчкот әрбір бойжеткеннің, әрбір әйел затының (ер азаматтарда да бар) сәнді гардеробының құрамдас бөлігі.
Себебі тренчкот мерекелік, іскерлік, күнделікті стильдегі кез келген киімдермен тамаша үйлеседі. Плащтың бұл түрін әдетте қалалықтардың киімі деп атайды.
Тренчкоттың екі қаусырмалы, бір қаусырмалы түрін, сондай-ақ дәстүрлі camel түстісін не басқа да түстілерін іздесеңіз, Promod дүкенінен оп-оңай таба аласыз.
Бір қаусырмалы тренчкоттың ішінен футляр-көйлек, «қарындаш» белдемше немесе классиклық үлгідегі шалбар киюге болады. Кеңседе жұмыс істейтіндер үшін таптырмайтын үйлесім. Осы стильдегі талап бойынша көйлек не белдемше плащтың астынан көрініп тұрмауы тиіс. Ал, бұл консерваторлардың көңілінен шығары сөзсіз. Романтикалық образды қалайтындар мойындарына жеңіл орамал салынған не түймелерінің түсі әртүрлі болып келетін плащқа көбірек көңілдері ауады.
Плащ - 14990 теңге
Көйлек - 9990 теңге
Сөмке - 7990 теңге
Ал салтанатты кештерге арналған үлкен жағалы, түрлі түстегі тренчкотты тері не лактан жасалған белдікпен киюге болады.
Тренчкоттың ішінен ұзын көйлек кие аласыз, болмаса суреттегі сәнбике қыз секілді көйлектің не белдемшенің етегі бес елі шығарып кисе, еш қағидаға жат емес. Осындай этникалық стильдегі немесе қазіргі трендтегі принтпен безендірілген оверсайз көйлек тренчкотпен әдемі үйлесім табады. Өйткені бұл образ қатаң іскерлік стильге арналмаған. Тренчтің түймелері жылтыр болғандықтан өзге аксессуар таққан үйлесімсіз көрінеді.
Smart casual стилінде тренчкотты «алмұрт», «банан» пішіндегілер үлкен жағалы, қамыт омыраулы не бант тағылған блузаны «жыртық» джинсымен шебер үйлестіре алады. Ал жалпы тренчкоттың құпиясы барлық пішіндегі, әртүрлі жастағы адамдарға жараса кетуінде. Қолыңызға сағат не сақина тағып, былғары не күдері сөмке ұстасаңыз болады.
Тренчкоттың жеңсіз түрін ішінен жылы свитшот немесе лонгслив киіп, жұмысқа, қонаққа, дүкендер аралауға аттана аласыз.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: "Оversize" стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casual стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі
Көктемгі сән: аруларға әдемілік сыйлаған ашық түстер
Көктемгі сән: Бойфренд стилі