- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән: Сюртук...
Көктемгі сән: Сюртук
Masculine стиліндегі сюртук ХХ ғасырдың 40-жылдары Марлен Дитрихтің арқасында дүниеге келіп, сол замандағы қыз-келіншектердің жылы лебізіне ие болған еді. Дизайнерлер осы бір ерекше стильді биылғы трендке шығарып отыр.
Еркектер қауымының мерекелік шараларға киетін таңдаулы костюміне жататын сюртук қазір де қымбат матасымен, әсем пішімімен айқындалады.
Мұндай сюртуктерді «құмсағат», «алмұрт» және «банан» пішінді арулар ойланбай кие алады.
Біртегіс матадан тігілген сюртуктің ішінен іскерлік образ жасауда жейдені және блузаларды киген абзал. Төменгі жағына классикалық үлгідегі шалбарды немесе мини белдемшені, аяқ киімнен біз өкше етікті не туфлиді таңдауыңызға болады.
Ал casual стилінде сюртукті қазіргі трендтегі лонгслив, свитшотпен, өкшесі жалпақ бәтіңкемен, лофермен үйлестіре аласыз.
Егер еркіндікті сүйетін болсаңыз, онда weekend күндері тор, ала матадан тігілген сюртукті grange стиліндегі дөрекі бәтіңкемен, ботфортпен, сникерспен және джинспен, ал жылы күндері шортымен (қалың колготамен) үйлестіруіңізге болады.
Сурет: creativewomen.ru
Оқи отырыңыз:
Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді #2
Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды? #2
Ф. Абилова