Көктемгі сән: Шәлі

Әйел затының нәзіктігін паш ететін киімнің бірі – шәлі. Кезінде талай ақын-жазушылар, суретшілер шәлі, орамал тақырыбында қалам толғаған. Осы идеяны ұстанған дизайнерлер әжелеріміздің тоқыма шәлілерін көктем трендіне енгізіп отыр.

Сондықтан мұндай шәлілерді тоқып үйренуіңізге немесе әжеңізге тоқытып алуыңызға болады. Табиғи жүн немесе мақта жіптерге созылып кетпес үшін синтетиканы араластырған абзал.

Алайда бұл hand made стилін қолдану үлкен талғампаздықты талап етеді. Себебі бұл этникалық элементтің бірі болғандықтан, оны тек заманауи киім-кешекпен үйлестіргенде ғана белгілі бір стиль қалыптастыра аласыз.

1. Күнделікті киіммен үйлестіру. Шәліні көбінесе біртегіс көйлекпен, блузамен, лонгсливпен тағады. Көбіне қара түсті ұнататын консерваторлар да өздері үшін эксперимент жасап, шәлінің қарапайымдау түрін иығына жамылу арқылы жұмбақ образды сомдай алады. Жұмсақты сүйетін кинестетиктер абай болғаны жөн: шәліні тоқыма жемпірлермен киюге болмайды.

2. Кешкі мерекелік шараларға бұрын шарфты тағатын сәнқой арулар енді трендтегі шәліні пайдалана алады. Тек жұқа жіптен тоқылған, өрнегі нәзік түрлерін таңдау қажет.

Шәлі «алмұрт» және «банан» пішінді бойжеткендерге жақсы үйлеседі. Ал «алмаларға» қысқалау түрін тағуға болады.

Шәлілердің спорттық стильмен үйлеспейтіндігі есіңізде болсын.

Сурет: artfile.ru

Оқи отырыңыз:

Көктемгі сән: әшекей бұйымның төресі – інжу

Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды? #2