Оверсайз стилі ХХ ғасырдың басында жарқ етіп шығып, сосын 80-ші жылдарға дейін көрінбей қалған. Дизайнерлер оны биыл трендке шығарып отыр.
Бұл денеге жабысып тұратын киімдерден жалыққандарға таптырмайтын шешім.
«Құмсағат», «алмұрт» және «банан» пішінділерге жағасы бар кез келген түрі (тіпті, екі қаусырмалысы да) жараса кетеді.
Ал «алмаларға» жағасы жоқ, бір қаусырмалы түрі жақсы үйлеседі.
Қандай түстерді таңдаған жөн?
Биылғы барлық трендтегі киімдердегі ерекшелік – олардың барлық түсте болуы. Әрбір бикеш өзіне жарасымды түсін таңдай алады. Әрине, талдырмаш келген бойжеткен түстің кез келгенін таңдауына болады. Ал толықша келгендер қоңыр, қара, көк түрлерін алып, мойнына ашық түстегі орамал, шарф не кеудесіне брошь тағуларына болады.
Қандай киімдермен үйлестіруге болады?
Жұмысқа оверсайзды skynni джинспен, леггинспен, мини белдемшемен, көйлек-футлярмен киюге болады. Ботфордтың артық деталі жоқ қарапайым түрі жіңішке қыздарға әдемі жарасады. Алайда, ерекше көрінгісі келетін батыл бойжеткендеріміз оверсайзды макси белдемшемен, балағы кең шалбармен үйлестірсе де айып емес. Жеңі шынтаққа дейін келетінін ұзын қолғаппен, ал романтикалық образды қалайтындар қалпақпен киюлеріне болады.
Есте ұстау керек бір жайт, тек сапалы матадан тігілгенін және өз өлшеміңізді алыңыз (не үлкен, не кіші емес), бұл өте маңызды.
Қыз – елдің көркі екенін ұмытпағайсыз!
Сурет: blogspot.com
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Сюртук
Адам көркі – шүберек
Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім
Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді