- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән: Милитари...
Көктемгі сән: Милитари стилі
Милитари стилі өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, сән әлеміне дендеп кірді. Содан бері дизайнерлер қиялдарына ерік беріп, бұл стильдің алуан түрін ұсынып үлгерді.
Атақты Майкл Джексонның да сүйікті стильдерінің бірі болған. Биылғы сән үлгілерінің ішінен милитари стилінің бірнеше нұсқасын (сюртук, шинель және бушлат) тамашаладық.
Нәзік жандының үстіндегі белі қынай буылған әскери киім өте ерекше көрінеді. Бұл әрі ыңғайлы, әрі әдемі стиль.
«Алмұрт», «банан», «құмсағат» пішінді арулар өз гардеробына қоса алады. Бұл жұмысқа лайықты стиль. Қыз-келіншектерге әдемілікпен бірге, іскери, сәл жұмбақтау образ сыйлайды.
Шинельді не бушлатты ызғарлы көктемнің алғашқы күндерінде киіп шығып, құрбыларыңыздың алдында мақтануыңызға болады.
Алайда жігітіңіз мұны мүлдем басқаша қабылдауы ықтимал. Сондықтан онымен кездесуге кәдімгі пальтоңызды киіп барғаныңыз абзал.
Көптеген қыз-келіншек әскери салада қызмет еткенді, олардың формасын кигенді армандайды. Егер сіз де осындай жандардың бірі болсаңыз, мамандығыңызды ауыстырмай-ақ арманыңызға қолжеткізе аласыз, яғни, шинель мен бушлат стилі сіз үшін. Бірақ әскери фуражка сияқты аксессуарды үстемелеп қолдануға болмайды. Себебі бұл әскери форма емес, сәндік стиль ғана.
Сурет: thefashiontag.com
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Оверсайз пальтосы арулардың бәріне жарасады
Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім
Ф. Абилова