"Дұрыс таңдалған қиғаш жабылатын күрте жылдар бойы сізге қызмет етеді".
Эвелина Хромченко
Қиғаш жабылатын үлгі дүниеге келгеннен бастап, дизайнерлердің қиялдарына қанат бітіріп, оны көйлекке де, халатқа да, күрте, пальто, жакет, тіпті белдемшеге дейін қолданып көрді. Биыл да қиғаш жабылатын қысқа күртелер 2015 жылдың трендіне енді.
Қиғаш жабылатын күртелердің былғары, жасанды былғары, күдеріден жасалған түрлерінің ішінен өзіңізге керектісін іздесеңіз, алуан түрлі киімдерден сөрелері қайысып тұрған Promod дүкенінен табасыз.
Бұл үлгідегі күртелер пайда болғанда көптеген ару оны антиромантикалық образдың элементі деп айыптады. Расында да былғарыдан жасалған қара күртенің қыз баланың өңін қаталдау етіп көрсететін қасиеті бар. Алайда, ондай күртені ашық, жұмсақ түсті белдемшемен, орамалмен тағып, образды жұмсартуға болады.
Ал егер қиғаш жабылатын күртені ұнатсаңыз, өзіңізге күдеріден жасалған күртені алуыңызға болады.
Біздің сәнбикеміз де өзіне күдері күртені таңдады. Себебі ол материал көзге жұмсақ, жайлы көрінеді. Былғары қара күртеге көзіміз әбден үйренсе де, күдерінің сұр, жасыл, күрең, қоңыр түрлері сәндірек көрінеді. Күдері күртенің бір құпиясы оны жұмысқа да, қыдырғанда да, той көйлектердің сыртынан да кие аласыз.
"Құмсағат" және "алмұрт" пішінділерге қысқа күртені ұзын-қысқа белдемшелермен, күрте түстес көйлекпен киген олардың қылдырықтай белін айқындап, ерекше сәнді етіп көрсетеді.
"Алмұрт" аруымыз мойнына орамал салып алса, кербез бикешке айналады. Ал шалбармен онша жараса бермеуі мүмкін.
"Банан" және "алма" пішінді аруларға осындай қиғаш жабылатын күртенің оверсайз түрін таңдағандары абзал. Олар оны көйлекпен, түрлі белдемшелермен және шалбармен де кие алады.
Күрте - 14990 теңге
Блуза - 7990 теңге
Джинс шалбары - 5990 теңге
Суреттегідей сары түсті блуза ақшыл қоңыр күртемен жақсы үйлеседі. Тек ескеретін бір жайт: атмосферасы ластанған Алматы, Қарағанды сияқты қалаларда ашық түсті күдері күртені тазалау қиындық туғызуы ықтимал. Тез кірлейтіндіктен оны үнемі химиялық тазартуға өткізіп отыру қажет болар. Бәлкім жасанды күдеріден тігілгенін аларсыз? Себебі мұндай күртеңіз болса, көктемде де, жаздың кейбір салқын күндерінде де, күзде де киетін сүйікті киімдеріңіздің біріне айналады.
Сурет: massaget.kz