Кезінде кантри стилінен ауысқан былғары бұйымдар дизайнерлерді тың идеяларға шабыттандырады. Былғары киімдер ғана емес, аксессуарлар да - сәнқойлардың сүйікті құралдарының бірі.
Егер трендтегі аталған киімдер сізді қызықтырса, Манго дүкеніне барыңыз. Бұл жерден былғары шалбарлардың өз талғамыңыз бен дене бітіміңізге сай келетін скинни, банан сияқты түрлерін және алуан түстілерін таба аласыз.
Жанға жайлы стиль. Былғары қалың материалға жататындықтан, оны жұмсартқыңыз келсе, суреттегідей ашық түстегі жейдемен кие аласыз. Бұл образ дресс-код қатаң сақталмайтын жұмыс орындарына да лайық. Ашық түстегі жейдені біртегіс бойфренд жейдесімен де алмастыруға болады. Аяғыңызға суреттегідей күдеріден жасалған ботильон кисеңіз, қызметкердің киімі дайын.
Коктейль стилі. Былғары шалбарды нәзік матадан тігілген блузамен үйлестіру арқылы би кешіне, құрбыларыңызбен көңіл көтеру үшін кофеханаға бара аласыз. Кешкі макияж жасауды ұмытпағаныңыз жөн.
Street style. Былғары шалбар мен джинс жейде не деним күрте, аяғыңызға мокасин немесе кроссовка киіп, дүкен аралауға, саябақта қыдыруға шығасыз.
Қыдыруға лайық киімді басқаша үйлестіруге де болады: суреттегідей қара шалбар, барқыттан тігілген олимпийка және лофер туфлиі.
Total look. Суреттегідей асты, үсті былғары костюмді ең батыл бикештер таңдайды. Тotal look стилі - қабылан стилі сияқты жоғары талғамды және мінсіз дене сымбатын талап ететін кінәмшіл стиль. Сондықтан былғарымен былғарыны үйлестіруде аса жоғары талғам керектігін ұмытпаңыз. Ондай кезде аяққа күдеріден не басқа материалдан жасалған аяқ киім киген жөн.
Қара былғары шалбарды қабылан стиліндегі бір киіммен кию де батылдар үшін.
Қазіргідей көктемнің ызғарлы кезінде былғары шалбарды аң терісінен жасалған қиғаш жабылатын қысқа күртемен не жилетпен үйлестірсеңіз, өзіңізге сүйсінген көзқарастарды байқайтыныңыз сөзсіз.
Былғарыдан тігілген киімге былғарыдан жасалған аксессуар мүлде келмейді, әйтпесе рок, хиппи, т.б. стилдерге ұқсап кетеді.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Business lady стилі
Көктемгі сән: "Lady Like" стилі
Көктемгі сән: Бойфренд стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casuals стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі