- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән: Бұршақ...
Көктемгі сән: Бұршақ принтті көйлектер
Көптен күткен көктемнің шуақты күндері де келіп жетті. Бұл – түрлі түсті көйлектер киіп, маусымға сай жаңа киімдер сатып алатын уақыт. Ал алда келе жатқан жаңа маусым бойжеткендерді бұршақ принтті биязы көйлектерімен қуантатын болады.
Бұршақ принтті көйлектерді бірі ұсқынсыз десе, екіншілері қуана сатып алады. Оны сәнқой қыздар да, әртістер де киеді. Олар жас ханшайымдардың сән туралы түсінігі қалыптасқанға дейін келген болатын. Мұндай көйлектерді ескі фильмдерден де байқауға болады. Аталған көйлектер уақыт пен сәннің сүзгісінен өтіп, осы күнге дейін жетті.
Көйлек - 14 990 теңге, көк белдік - 5 990 теңге, аяқ киім - 22 990 теңге
Суреттегі кербез образды өзге нәрсемен алмастыру мүмкін емес. Бұршақ принт сәнде емес деп ойлайтын шығарсыз?
Бүгінгі таңда бұршақ принтті көйлектер туралы түсінік өзгерген. Мұны ескерген дизайнерлер олардың түрлі үлгісін ұсынып жатыр. Бір көйлекте шашыраңқы орналасса, екінші көйлекте сарбаздардай қаз қатар тізіліп тұрады.
Жарқын түсті көйлектер сұранысқа көп ие болады. Олар өз кезегінде бойжеткенге таңғажайып образға енуге мүмкіндік береді.
Барлық нәрседе шектеу болған дұрыс. Алайда көп дизайнер мұны ұмытып кетеді. Осының салдарынан киім ұсқынсыз көрінеді.
Ал Сіз бұл көйлектерді ұнатасыз ба?
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Үйлеспейтін үйлесімділік
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casual стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі
Көктемгі сән: "Lady Like" стилі
Қ. Бүйенбай