Сәннің құрбанына айналмаңыз, өзіңізге ыңғайлы киімді таңдаңыз.
Сонам Капур
Манго дүкені барлық жастағы тұтынушыға кәсібіне, өмір салтына, қаржысына байланысты тауарларды ұсына алады.
Міне, бүгін де сәнқой бойжеткендердің бос уақыты кезінде киюге арналған бірнеше киім үлгісін қарастырдық.
Әйгілі кутурье Коко Шанель әйелдер гардеробына үлкен жаңалық енгізіп, маскюлен стилін ұсынған болатын. Оның жас қыздарға лайық нұсқасы - бойфренд стилі. Осы стильдің элементтерінің бірі сәнге қайта оралған mom jeans-ты аруларымыздың қуана қабылдағаны хақ. Мom jeans-пен қарапайым тоқыма кигеннен гөрі оны қиғаш жабылатын былғары күртемен үйлестірген дұрыс.
Күрте - 17990 тенге
Бойфренд шалбар - 11990 тенге
Лонгслив - 2490 тенге
Очки - 6990 тенге
Қазіргі күнде атышулы "бойфренд" стилі көптеген арудың көңілінен шықты. Неліктен? Әдетте "әдемі киім" ыңғайсыздықпен ассоциацияланатын, ал енді әдемі ғана емес, сәнді, трендтегі "бойфренд" стилі өте ыңғайлы әрі "батыл".
Бұл стиль жігітіңізбен кездесу үшін лайықсыздау әрине. Алайда "талғамға талас жоқ" демекші, сән әлемінен хабардар, дизайнерлік қабілеті бар жігіт сүйіктісінің сәнді болып киінгеніне риза болуы да ықтимал.
Свитшот - 8990 тенге
Бойфренд шалбары - 12990 тенге
Бұл екі образдағы басты элемент - бойфренд джинс екені белгілі. Бұл шалбар ертеректе балағын қайырмай киілгені тренд болса, қазірде керісінше, балақты бір немесе бірнеше рет (ұзындығына байланысты) қайырып киген сәнде. Сондай-ақ көптеген аруымыз джинс шалбардың "жыртығын" көріп, кері шегінуі мүмкін. Бұл орайда сізді тоқтатуға тура келеді. "Жыртықтың" сәнде екені үшін ғана емес, бұл артқа шегінудің психологиялық астары бар. "Жыртық" элементін батылдау, өжет арулар таңдаса, нәзік, ақкөңіл жандар оған жоламайды. Бұл джинсті таңдаумен сіздің мінезіңіз күрт өзгереді деп айту жалған сөзге тең. Алайда өзіңізді батылырақ, сенімдірек сезінетініңіз хақ. Егер образды жұмсартқыңыз келсе, джинс шалбарын кішігірім өкшелі аяқ киіммен киюге болады. Ал спорттық, еркін образды таңдасаңыз, суреттің оң жағында орналасқан үлгідегідей жай табан, спортты мокасин, кроссовка, кедамен киюге болады.
"Кофе, шәй, құймақ және сен" деген жазуы бар лонгслив көзге жылы ұшырайды. Дәл осылай киініп, құрбыларыңызбен бас қосуға аттана аласыз. Мұндай принті бар киім кигеннен кейін моншақ тағу ыңғайсыз, ал этникалық стильдегі білезік өте орынды көрінеді.
Әртүрлі жан-жануар, мультфильм кейіпкерлерінің суреті, өзге де принттері бар киімдер 2015 жылдың трендінде. Бұл сөзсіз жас қыздарға жарасады. Ал бірнеше маусым қатарынан сәннен түспей келе жатқан суреттегідей слипперлерді балабақша бүлдіршіндерінен бастап, әжелерімізге шейін киюлеріне болады. Себебі әрі ыңғайлы, әрі сәнді.
Жалпы бойфренд стилі weekend күндері дүкен аралап, көңіл көтеруге лайық киім. Бір ескеретін жайт, онсыз да бұл стильде дизайнерлік әдістер (принттер, "жыртық") қолданылғандықтан, әшекей тақпағаныңыз абзал.
Бойфренд стиліне басқа қандай элементтер, сөмке не аяқ киім үйлесетінін білгіңіз келсе, төмендегі пікір жазатын алаңға жазып (алдымен тіркеліңіз), жауап алыңыз.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Smart Casual стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casual стилі
Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі
"Mom jeans" сәнге қайта оралды