Өткен жылдары солғын, күңгірт түсті матадан тігілген киімдер сәнде болып келсе, 2015 жылдың көктем, жаз мезгілдерінде ашық, қанық түстегі киімдер трендке шықты. Көшеде сары, көк, қызғылт сары, қызыл-жасылды болып киініп бара жатқан қыз-келіншектер еріксіз алуан түрлі гүлзарды елестетеді. Ал дәл осындай түстегі киімдерді іздесеңіз, Манго дүкенінен таба аласыз.
Дизайнерлер мен стилистер қыз-келіншектердің дене бітімін, мінез-құлқын ескеріп, барлық фасондағы киімдерді ашық, қанық түспен ұсынып отыр. Сондықтан суреттегідей оверсайз стиліндегі ашық көк пен ашық қызғылт көйлектер «құмсағат» пен «банан» пішінділерді былай қойғанда, «алма», алмұрт» пішіндегі кез келген аруға да жарасады. Меланхоликтер мен флегматиктер мұндай «мен мұндалап» тұрған түстерден сәл қаймығып қалуы ықтимал. Алайда бұндай ашық түстерден бас тартудың еш қажеті жоқ. Керісінше жарқырап, гүлдей жайнап жүргенге не жетсін! Біртіндеп, бір ғана элементтен: ашық белдемше немесе ашық блузадан бастауға болады.
Жұмысқа біртегіс, ақ, сұр, қара, қоңыр түстегі киімдер лайықтырақ болғанымен, дресс-код қатаң сақталмайтын жұмыс орындарында не корпоративтік кештерге осы түстегі киімдерді киіп бара аласыз. Әсіресе 8 наурыз, 22 наурыз секілді көктем мерекелерінде бұл әбден орынды.
Oversize стилі 2015 жылдың басты трендтерінің бірі екенін жоғарыда атап өттік. Оны біз қысқы сәннің элементтерінде көрдік, жазғы трендтің бірі ретінде де тамашаладық. Ендігі кезек - көктемгі ашық түсті көйлектер.
Қандай аксессуарларды пайдаланған жөн?
Ашық түсті киімге ашық түсті аяқ киім кию немесе ашық түсті аксессуар тағу ерсі көрінетіндіктен, бұл бұйымдардың қарапайым, біртегіс түсін таңдаған абзал.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты арулар!
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: French стилі
Көктемгі сән: Бойфренд стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casuals стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі