Француздық стиль – сәннің соңғы үлгілерін, классиканы, нәзік бұйымдарды қамтитын ерекше стиль. Оны бір сөзбен «кербездік» деп атауға да болады.
Француздық стильді жөн көретін бойжеткендер сәннің соңғы үлгілерінің ішінен тек өзіне жарасатын киімді ғана таңдайды. Сапасы жоғары классикалық заттар сатып алады. Әйгілі брендтердің киімін таңдауды жөн көрмейді. Бар болғаны нәзік мүсіндерін айқындап тұрғанын қалайды. Бұл – қарындаш белдемше, классикалық костюм, тренчкот, нәзік кеудеше, мұнымен қатар дәстүрлі қара көйлек.
Француз стилі джинсы шалбарды қара классикалық шалбармен алмастыруды ұсынады. Алайда көп жағдайда көйлектерге мән береді. Көйлек әдетте өте нәзік әрі дене пішінін айқындап тұрады.
Аксессуарлар образды толықтыруда маңызды рөл ойнайды. Бойжеткеннің айналадағылардың көзайымына айналуына көмектеседі. Аксессуар каре орамалы, қолғап, сөмке, әшекей сынды ерекше элементтерден құралуы тиіс.
Аталған стильдің басты ережесі – табиғилық пен талғампаздық. Сол себепті, осы стильде киінуді жөн көретін бойжеткендер nude макияжы мен маникюрін жасатады. Өздеріне күтім жасайтындықтарын осылай көрсетеді.
Оксфорд, балетка, брог сынды аяқ киімдер таңдайды. Еш уақытта платформадағы боссоножки, көзге дөрекі көрінетін бәтіңке, өкшесі жалпақ аяқ киім кимейді. Бұдан өзге тек ақ, қара, ақшыл сары түсті киімдер киюге тырысады.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Бойфренд стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casuals стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі
Мэрилин Монроның үздік қанатты сөздері