Егер жұмысқа орналасу үшін жағымды әсер қалдыратын киім іздесеңіз, Манго дүкеніне барыңыз. Сіз бұл жерден өз жасыңызға, өз өлшеміңізге сай киім таба аласыз, тек талғаммен үйлестіре білсеңіз болғаны.
Кеңседе дресс-код сақтау бизнес вуменге қойылатын талаптардың бірі. Алайда іскерлік костюммен де сәнқой болып көрінуге болады. Ол үшін біз суреттегідей ақ шалбар таңдаймыз. Себебі классикалық ақ шалбар іскерлік костюмнің атрибуттарының бірі.
Мұндай шалбарды кез келген түстегі жейделермен немесе әртүрлі блузалармен үйлестіріп киюіңізге болады. Бүгін біз соның бір үлгісін ұсынып отырмыз. Көк жейде мен ақ шалбар киіп, жұмысқа орналасуға барсаңыз, бірден қабылданатыныңызға күмәнданбаңыз.
Немесе қызметіңізді жоғарылатқыңыз келсе де дәл осылай киініңіз. Себебі бұл іскерлік костюм сізді батыл, нәзік, ақылды, әрі жұмбақ етіп көрсетеді. Таңертеңгілік салқындау кезде сыртынан ақ жакет не ақ кардиган іле салсаңыз болады.
Кардиган - 4490 теңге
Жейде - 6990 теңге
Шалбар - 6990 теңге
Бұл образ, негізінде, қатал стильге жатады. ХХІ ғасырда әйел қауымы да жұмыс істеп, ақша табуға құқылы. Ал жұмысқа осындай образды ұстану керек. Оны жұмсарту үшін ашық түсті киімдерді, өкшелі туфли мен үйлесетін бір аксессуар тағуға болады. Сондай-ақ жоғарыда атап өткеніміздей, образды жұмсартатын тағы бір элемент - кардиган. Ол жакеттың орнын басады.
Аяғыңызға жұмысқа жайлы, өкшесі орташа биіктіктегі үшкір тұмсық туфли кие аласыз.
Аяқ киім - 9990 теңге
Мұндай стильде аксессуарды шектегеніңіз абзал: сағат пен бір ғана сақина тақсаңыз жеткілікті. Болмаса ақ шалбармен қара жейде киіп, ақ галстук тақсаңыз да аталмыш образды жоғалтпайсыз. Егер жұмыстан шыққан соң, сүйіктіңізбен не құрбыларыңызбен кездесуді жоспарласаңыз, ақ галстукті шешіп, орнына брошь тағу арқылы романтикалық образ жасайсыз.
Көк жейдені ақ шалбардың орнына «қарындаш» белдемшемен де үйлестіре аласыз.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: "Lady Like" стилі
Көктемгі сән: Бойфренд стилі
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casuals стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі