- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән —...
Көктемгі сән — 2021: тоқыма жилет
Бүкіләлемдік пандемия күнделікті тұрмысқа ғана емес, көптеген адамдардың өмірге деген көзқарасына да әсер етті.
Мысалы, қыста ғана сән әлемі Кендалл Дженнердің инстаграмдық тренд киімдерден бас тартып минималистік The Row стиліне қарай ауысқанын талқылаған еді. Кейін оны қайталағандар аз болмады. Енді модельдің осы көктемгі ұстанымына да қызығушылар легі бірден лап етіп отыр. Нақтырақ айтсақ, Кендалл соңғы кездегі стрит-стайл арқылы сәнқойларды 1970-ші жылдарға саяхаттауға шақырғандай болды.
Ол Нью-Йорк қаласының көшелерінде түрлі түсті трикотаж жилет, хаки түсті шалбар мен классикалық лофер киіп серуендеп жүрген жерінен фотографтар көзіне түсті. Burberry багет сөмкесімен толықтырылған мінсіз образ әлеуметтік желіде трендке айналып үлгерді. Бұл қыстағы минималистік бағыттан ауытқу болғанымен, көктем кезінде киюге жарасып-ақ тұр.
Т. Раушанұлы