Өзін сөмкесіз елестете алмайтын, ішінде қажетті ешнәрсе болмаса да сөмкесін қолынан тастағысы келмейтін арулар бар. Аксессуарлар бөлімінен бір мезгілге арналған бірнеше сөмке табылатын бойжеткендерді көктем мезгілі жеткенде қандай сөмке сәнге енді екен деген сұрақ қызықтырары сөзсіз.
Соңғы жылдары шағын сөмкелер сәннен қалмай келеді. Көрер көзге сүйкімді, ұстар қолға ыңғайлы болғандықтан, неғұрлым кіші болған сайын, бағасы да соғұрлым қымбаттай түседі. Сөмкеге кітап, күнделік секілді үлкен нәрселер салмай, тек телефон, әмиян тәрізді шағын заттар салатын болсаңыз, сәндегі кішігірім сөмкені таңдаңыз.
Кішігірім сөмке бауы шынжырлы, өрнекті болса, көктемгі сәнге барынша жақындай түседі. Ұстағышынан бөлек, сөмке жанында салбырап тұратын гүлмен көмкерілген, өрілген бауы болса, тіпті сәнді. Геометриялық принттермен әсемделген сөмкелер де көрер көзге ерсі емес.
Шағын сөмке де ұстағыңыз келеді, сөмкеге салатын көлемді заттарыңыз да көп. Не істеуге болады? Сәнгерлер оның да шешімін тауып берді. Көшеде қатарынан бірнеше сөмке ұстап жүрген адам көрсеңіз ауыз ашып, көз жұмбаңыз. Бұл – сән.
Жалғасы бар...