Көктемгі маникюріңізді таңдадыңыз ба?

Қыз баласы сұлулықты сүйеді. Сұлулық пен мезгілдің де үндесетінін де білген абзал. Мысалы, биыл көктемде қандай түс маникюр үшін өте ұтымды әрі сәнді болуы мүмкін?  Ашық, жылы және қанық түстер келер көктемнің көркемдігін аша түседі. Сіз дайынсыз ба?

Ашық көк

Chanel Le Vernis № 584 Blue Pastel

Егер күйгелек, шапшаң болсаңыз, ашық көк түсті маникюр сізді бірқалыпты, сабырлы болуға шақырады. Сары не қара қыз болғаныңыз маңызды емес. Қар мен көк аспанның үйлесіміндей болған осы түсті таңдасаңыз, құрбыңыздан "Қандай әдемі, сүйкімді тырнақтар!" деген мақтау сөз естисіз.

Қызыл

Christian Louboutin Beauty Pops Edgypopi

Ешқашан өзектілігін жоймайтын классикалық түс маусым таңдамайды. Тіпті, теріңіздің түсіне, тырнақ формасына, саусақ ұзындығына, киім үлгісіне де "назар аудармайды". Есіңізде болсын, қызыл түсті маникюр сән мен сымбат әлемінде мәңгілікке тұрақтап қалды.

Опа түсті

Dior Vernis №108 Muguet

Романтикалық опа түсі – бейтарап болғаны соншалық, кеңсе қызметкеріне де, спорт сүйетін қыздарға да, жалпы бәріне жарасады. Бұл бояуға қосымша жылтыр сеуіп не сурет салудың қажеті жоқ.

Бонус: Неонды қызғылт

Smith & Cult Palace in Wonderland

Барби стиліндегі нәзік және перламутр жылтырмен неонды ашық қызғылт түс осы көктемнің жазға ұласқан тұсында өте әдемі көрінері сөзсіз. Тым ерекше түстерді ұнатпасаңыз, біз ұсынған осы үлгіні байқап көріңіз.