Түрлі далап реңкіне байланысты әр күні кейпіңізді де түрліше (нәзіктен бастап батылға дейін) өзгертуге болады. Көктемде сәнде болатын далап түстерін ұсынамыз. Нюдті ерін далабы Әлем бет әрлеушілерінің айтуынша, ерін далабының ең сәнді көктемгі түсіне табиғи нюд жатады. Мұндай ерін далабының түсі кешкі және күндізгі макияжға да сай келеді. Қою қызыл ерін далабы Өткен жылдан жаңа жылға көшкен тағы бір тренд макияждағы қою қызыл ерін далабы. Қанық қою қызыл ерін далабы барлық әйелдерге жарасады және көз түсін айқындай түседі. Ашық қызыл (коралл) ерін далабы Ашық қызыл ерін далабы 2018 жылғы көктемнің хиты. Мұндай түс бетті балғын етеді және бет терісіне түстер сыйлайды. Бірақ абай болыңыз, ол ашық түске жатқандықтан, барлық зейінді бетке тартады. Сондықтан, оны қолданар алдында бет терісі тегіс екендігіне көз жеткізіңіз. Қызыл ерін далабы Әр уақытта классика болып қалатын ол қызыл түсті ерін далабы.