- Негізгі бет
- Сән
- Көктемде гардеробыңыздан табылуы...
Көктемде гардеробыңыздан табылуы тиіс заттар
Біздің қоғамда ер адам киімге көп мән бермейді. Сән болса бұған қарамастан дами түседі. Көктемге киім алғалы жатқан жігіттерге кеңесімізді аямайық дедік.
Кеуде орамалы
Үйлесіммен таңдалған пиджак пен шалбар тек іскерлік кездесуге ғана киілмейтініне көзіміз жетіп жүр. Нағыз джентльменнің үлгісі бүгінде ең көп талқыланып жатыр десек те артық емес. Бірақ шалбар мен пиджак сіздің сымбатыңыздың мінсіз ете алмайды. Басты әрі маңызды аксессуар – пиджак қалтасында сән беріп тұратын үш бұрышты кеуде орамалы.
Бұл орамал тек қана сән үшін тағылады. Онымен бет, қол, мұрын сүртуге болмайды. Орамал матасы жібектен тоқылып, қалған киімдермен түрімен де, түсімен де толықтай сәйкес болуы тиіс. Әсіресе түске көңіл бөліңіз. Еркектердің басты қателігі де осы – түс мәселесі.
Ашық түсті кроссовкі
Кроссовкі бүгінде тек спорттық мақсатта киілмейді. Сән үйлері жыл сайын оның түр-түрін шығаруда. Оны тек талғамыңызға баланысты таңдау ғана қалды. Ашық түсті кроссовкі джинсымен де, басқа да шалбар үлгілерімен үйлесе береді. Бірақ бұл үлгіде сіз іскерлік кездесу немесе маңызды отырыстарға бара алмайсыз. Тек демалыс және көше стилі болса керек.
Толстовка
Дизайнерлер бұл киімге неше түрлі принттер салып шығаратын болды. Осыған орай, түрлі жастағылар да өз көңіл-күйіне, сымбатына, жасына байланысты суреттерімен киеді. Мұнымен қоймай, жейде үстінен киілетін V-түрлі классикалық полуверлердің орнына да киіле бастады.
Күртеше
Милитари стилі қазіргі таңда жоққа айналып барады. Бірақ ер адам стилінде күртешелер әрқашан да өзекті. Кеудесі мен бүйірінде қалталары бар әскери киімнің қара, қою жасыл, қою қызыл түстері ең қолайлысы саналады. Бұл көше стиліне сәйкес киім десек те болатындай. Бірақ оны джинсы жейде мен чинос сияқты үйлесетін киіммен кимесеңіз күлкі шақыратын боласыз. Мысалы үшін М65 күртешесін интернеттен іздеп көріңіз. Әскери тарихы бар киім бүгінде де сәннен қалысар емес.
Көзілдірік
Күн шақырайып тұрған көзіңіздің көлегейлей бергенше көзілдірік таққаныңыз ыңғайлы. Көзілдірік тақпайтын жігіттердің көз айналасында ерте бастан әжім шығатынын да ескеріңіз.
Көзілдірік тарихында түр-түрі шығып, талайы әзірге дейін сақталған. Тек өз бет пішініңізге сәйкес көзілдірік таңдаңыз. Бұл үшін көзілдірік сататын дүкеннің қызметкерінен ақыл-кеңес сұрасаңыз болғаны.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: өңделген, rialemon.com.ua
А. Құлтай