Джинс киімдер мәңгі классикаға айналды. Деним сізді жалықтырмас үшін дизайнерлер мен стилистер әр мерзім сайын джинс киімдерді ұтымды үйлестірудің жаңа түрлерін ұсынып отырады. Ендеше, төмендегі топтамадан стильді киім үлгісін жасауға шабыт алыңыз.
Total-деним
Тек денимнен тұратын киім үлгісін канадалық смокинг деп те атайды. Соңғы бірнеше жыл қатарынан тұтас бір түсті немесе бір материалдан тұратын киімдерді кию сәнге айналғанын білеміз. Сол секілді бастан аяққа дейін джинс киімдер киюіңізге болады. Бұл жағдайда түстері бір-біріне жақын деним ұтымды көрінеді, алайда, қатып қалған ереже жоқ: тәжірибе жасап, түрлі реңктегі денимді де үйлестіруге болады. Оған қоса, total look стилінде киіну визуалды түрде арық әрі ұзын көрінуге көмектеседі.
Ковбой стилі
Джинс — ол вестерн, Жабайы Батыс және ковбой стилі. Сондықтан джинс шалбармен ковбой стилінде киім үлгісін жасауға ұялмаңыз. Мысалы: осы стильге жақын жейде, белі жоғары тұратын джинс шалбар және челси аяқ киімі. Бұл стильде киінуге клеш шалбар мен қалпақ таңдауға да болады.
Custom made
Егер бұрыннан киіп жүрген джинс киіміңіз жалықтырып жіберсе, оны жас суретшілерге немесе сурет салуға дарыны бар досыңызға ерекшелеуге беріңіз. Мысалы, джинс күрткеге бірдеңе жаздыртуға, сурет салдыртуға немесе шашақ қосуға болады. Youtube желісінен джинс күрткені үйден безендірудің әдістерін табуға болады. Сондықтан өзіңіз де шығармашылыққа уақыт бөліп, оны қалағаныңыздай ерекшелей аласыз.
Неон реңктермен үйлестіру
Неон реңктер — осы мерзімнің ең сәнді түстерінің бірі. Неон түсті киім үлгісіне қолданудың ең қарапайым әдісі — оны базалық киіммен үйлестіру. Мысалы: неон топ немесе жакет және джинс шалбар. Жалпы күрделі принттер мен фактураларды джинспен үйлестіру оңай.
Комбинезон
Минимализм стилін ұнатсаңыз, джинс комбинизонға мән беріңіз. Комбинезон таңдасаңыз, киім үлгісін жасауға уақыт кетірмейсіз және ол визуалды түрде аяқты ұзартып көрсетеді.