- Негізгі бет
- Сән
- Көктем сізді өзгертеді...
Көктем сізді өзгертеді
Бүгін көктемнің он төртінші күні... Ал сіз әлі қыстық киіммен, қыстық көңіл-күймен жүрмісіз? Жоқ, олай болмайды. Көктем сізді өзгертуге әзір. Сәніңізді өзгертіңіз. Сізге мынадай кеңестер бере аламыз.
Бұл көйлектер биыл ерекше сәнге ие. Отырыстарға да жұмысқа да кисеңіз болады. Тек биік туфлимен ғана. Шашты түзулеп не бұйралап жайып алыңыз.
Жеңіл жейдемен классикалық белдемше не шалбар келіседі. Шашыңызды жинап, иығыңызға түсіріп қойыңыз.
Бұршақ түсті көйлектен де бас тарпаңыз. Қара мен ақ түс үйлескен көйлекпен қара жеңл етік кисеңіз де болады.
Жеңіл киім киерліктей көктем аса күлімдеп тұрған жоқ. Әйткенмен күн өте жылынып келеді. Биік өкшелі аяқ киімге жоқ демеңіз. Белдемшемен костюмді үйлестіруге тырысыңыз. Жоқ, қара түсті костюммен қысты өткіздіңіз ғой. Енді жарқын түстісін таңдаңыз. Ақ, не күлгін... Болмаса, ашық жасыл не ашық көк.
Джынсы шалбар сәннен қалсын ба? Оны нәзік кеудешемен киіңіз.
Күнге қарсы көзілдірік сатып алуды да ұмытпаңыз. Оның түсін таңдауда өз талғамыңызға жүгінерсіз.
Былғары күртешенің сәннен шығар ойы жоқ. Қысқа көйлектермен киюге таптырмайтын киім. Аяғыңыздағы жеңіл етікті сөмкеңіздің не кеудешеңіздің түсімен байланыстырыңыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mail.ru
А. Әбілхан