Күн жылына бастағанда әйел адамдар ашық түстерге, ерекше пішіндер мен материалдарға мән бере бастайды. Егер сөмкеңізді жаңартуды немесе тағы бір сөмке алуды ойласаңыз, алдағы мерзімде сәнде болатын сөмкелерге мән беріңіз.
Oversize сөмке
Miu Miu
Өте кішкентай сөмкелер сәннен шықты. Дизайнерлер адамға күні бойы керек болатын заттары сыятын үлкен сөмкелер ұсынды. Мысалы, жұмсақ былғарыдан тігілген Miu Miu немесе Isabel Marant шоуында көрсетілген сөмкелерге мән беріңіз.
Іскерлік тоут сөмке (tote bag)
Jil Sander
Классикалық тоуттар, ұстамды және іскерлік сөмкелер қайтадан сәнге оралды. Енді мұндай сөмкелерді бұрынғыша тек шалбарлы-костюмдер немесе кеңселік көйлектермен емес, күнделікті киімдермен де үйлестіре беруге болады.
Киім түстес сөмке
Coach
Баяғыда сөмкені аяқ киім түсіне сай етіп алу сәнде болатын, одан кейін бұл үйлесім өзгеріп, сәнқойлар киім үлгісінде түрлі реңктерді қолдана беретін болды. Соңғы жылдары total look, яғни тұтастай бір түсте немесе бір реңкте киіну сәнге айналды. Бұлай киіну тек сәнді емес, сондай-ақ визуалды түрде бойды ұзартып және дене пішінін сымбатты етіп көрсетеді. Енді дизайнерлер сөмкені де киім түсіне сәйкес етіп таңдауды ұсынып отыр.
Цилиндр сөмке
Jil Sander
Жаңа маусымда ұзын цилиндр сөмкелер сәнде болады. Олар кеңсе киім үлгісіне және салтанатты кештерге жақсы келеді.
Бірнеше сөмке жинағы
Altuzarra
Көктемде бірнеше сөмкеден тұратын жинақтар сәнде болады. Олардың біртүсті немесе бір материалдан дайындалған болуы міндетті емес.
Ашық түсті сөмке
Versace
Түрлі түсті аксессуарлар киім үлгіні бірден қызықты етеді. Бұл маусымда сөмкелер түстердің ашықтығы бойынша барлық рекордты бұзды.