Көктем-жаз 2019 топтамасының сәнді аксессуарлары мен әшекейлерінде нәзіктікке баса назар аударылған. Сұраныстағы материалдарға металл, жартылай бағалы тастар, інжу және пластик жатады. Көктем-жаз мерзімінде сәнде болатын тенденцияларды ұсынамыз.
Сәндік шынжырлар
Атақты брендтердің барлығының топтамасында ірі шынжыр буындарынан жасалған білезіктер, алқа, сырға және чокерлер кездесті. Шынжыр тек бижутерияға емес, басқа да аксессуарларға қолданылды. Шынжыр жалпақ және жіңішке белдіктер мен сөмкеде де кездесті.
Ерекше әшекейлер
Стандартқа сай келмейтін әшекейлер – көктем-жаз 2019 мерзімінің хиті. Олар өте ерекше көрінеді.
Логотип-аксессуарлар
Дизайнерлердің өз фирмаларының белгілерін бүкіл өнімдеріне пайдалануы "логомания" деген атау алды. Байқаған болсаңыз, соңғы жылы бренд логотиптері киімде, аяқ киімде және сөмкеде көптеп шығып кетті. Әрине, бұл сәнді тенденция аксессуарларды да айналып өтпеді.
Үлкен көлемдегі білезіктер, сырғалар және алқалар
Ірі бижутерияны Dolce & Gabbana, Roberto Cavalli және Alexander McQueen секілді атақты сән үйлері жақсы көреді. Дизайнерлер көлемді әшекейлердің ауыр "люстра" және "біртүрлі" пішінді түрлерін ұсынды.
Гүлді әшекейлер
Гүлді принт – көктем-жаз топтамасының сәнді принттерінің бірі екенін айтып кеткенбіз. Енді ол әшекейлерден де байқалды.
Көпқабаттылық
Бір киім үлгісінде бірнеше бижутерияны қабаттау әрқашан қызықты әсер береді. Алайда, қабаттап таққан бижутерияңыз біртүрлі көрінбес үшін оларды аса талғаммен таңдау қажет.
Асимметрия және моносырғалар
Түрлі өлшемдегі дөңгелек және жартылай дөңгелек сырғалар трендке айналды. Бохо стиліндегі сыған әшекейлеріне ұқсайтын да бижутериялар кездесті. Тек бір құлаққа сырға тағу әлі де өз танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Алайда мұндай моносырға өте көлемді болуы керек және онымен бірге басқа әшекейлер тағудың қажеті жоқ.
Ретро стиліндегі бижутерия
Ретро тенденция жоғары сән әлемінен ешқашан кеткен емес. Бірақ бұрын дизайнерлер бірнеше онжылдықтар бұрынғыға оралса, осы жолы ғасырлар бұрынғыға тоқталған.
Әшекейленген белдіктер
Сәнде салпыншақтармен безендірілген жіңішке белдіктер болады. Өрілген белдіктер де кездесті. Киім үлгісіне ерекшелік сыйлайтын конверт белдік-сөмкелерге мән беріңіз.
Теңіз тақырыбы
Теңіз тақырыбы көктем-жаз 2019 сәнді топтамаларында жиі кездесті. Кең жиекті сабан қалпақтар, тюрбандар және қанық түсті орамалдарға мән беріңіз. Бақалшақ тәрізді бижутериялар мен аксесуарлар сәнге айналды. Інжу әшекейлер – классика, олар ешқашан сәннен шықпайды. Алайда, олар бұл мерзімде жаңаша ұсынылған.
Жартылай бағалы тастар
Нефрит, лазурит, чароит, яшма және басқа да жартылай бағалы тастар көптеген тренді әшекейлерге негіз болған. Тастардың өңделмеген секілді көрінгені жақсы.
Дөңгелек және жартылай дөңгелек сырғалар
Аксессуардағы сәнде бохо стилі үстем болды. Оның басты құрауыштарының бірі – дөңгелек сырға. Оның барынша үлкен болғаны жақсы.
Чокер
Чокерлер бір кездері кеңінен тарап, бірақ соңғы бір-екі жылдықта басылған болатын. Бірақ дизайнерлер чокерлерді қайтадан қолдануды жөн көрген. Бұрынғыдан басты айырмашылығы – чокердің нәзік болуы.