Көктем мен жаз – қуаныш пен шаттық мезгілі. Киімдер де көңіл-күйге міндетті түрде сай болуы қажет!
1. Гүлденген өмір!
Кестеленген гүлдер танымалдылықтың шарықтау шегінде. Апаңыздың гүлді-гүлді киімдерін сандықтан шығарыңыз.
Блейзер - Bonprix . Көйлек - Darling, OTTO
2. Мұнтаздай таза
Ақ – мезгілдің басыңқы түстерінің бірі. Шілтер және перфорация элементтері бар үлгілер өзекті болады.
Сәнбике - Alexander Terekhov. Пуловер – Reserved. Болеро – Bashаratyan. Белдік - Marc Cain. Сөмке – Marni. Туфли – Topshop
3. Толқын қозғалысы
Желбіршектер теңіз толқыны мен демалыстан хабар беретіндей... Ең бастысы қабаттары көбірек болғаны дұрыс. Асимметрия ойнақы татулыққа баулиды.
Сәнбикелер - Kira Plastinina. Көйлек – Apart. Футболка – Zara. Блуза – One Touch. Көйлек – Кaren Miller. Туфли - Cesare Paciotti.
4. Бұршақ патшасы
Осы жазда бұршақтың түстері де, өлшемі де әртүрлі болғаны құпталады. Әсіресе бұршақ принтті биязы көйлектер сәнде.
Сәнбике - Dolche & Gabbana. Аяқ киім – Dr. Martens. Сөмке- Marni. Блуза – Betty Barclay. Су киім – Mamas and Papas
5. Көк-жасыл қалашық
Бөтелке шынысымен түстес аксессуарлар ерекше танымал болады.
Сәнбике – Okslen. Сырға – Kenneth Jay Lane. Көзілдірік – ОСС. Белдік – Centro
6. Кіршіксіз тазалық
Биязы-алқызыл реңкті киімдерді таңдағанда ерлер сұлбасына тән пальтоға, трапеция көйлекке, қысқа сыбызғы-шалбарға назар аударыңыз.
Сәнбике - Adeam, Сөмке – Beefre. Күртеше – Incity. Сағат - Bonprix
7. Найзағай
Пайеткалар, атлас, металл жұғынды және айна бөлшектерінен аппликациялар – бізді жайнаған жаз күтіп тұр!
Сәнбике – Lanvin. Туфли – Asоs. Клатч – Accessorize. Күртеше - Philipp Plein. Шалбар - Joseph
8. Апельсин
Егер қызғылт сары түсті ұнатсаңыз, аксессуар таңдауда өзіңізге ерік беріңіз.
Сөмке – River Island. Туфли – el Monte. Сөмке – Warehouse. Лофер – Nicholas Kirkwood
9. Көңілді жолақ
Түзу де, көлденең де жолақтар сәнде.
Сәнбике – Alberta Ferretti. Белдік – Sella. Ұзын жеңді футболка – Mango. Су киімі – Calzedoniania
10. Баурағыш таңқурай
Осы маусымда дизайнерлер арасында фуксияның мерейі үстем болып тұр. Бірақ бұл түсті абайлап пайдалану керек.
Сәнбике – Normal Luisa. Жаңа – Vera Mont. Күртеше және белдемше – Philipp Plein. Ботильон – Pepe Jeans
Сурет: starhit.ru, gortenzija.com
Дайындаған: Анар Мұстафина