Сізде көзәйнек бар ма? Бірақ екіншісі, үшіншісі, не төртіншісі де артық болмайды! Осы маусымда көзәйнектердің қандай пішіні мен түстері сәнді болатындығына сүйеніп, таңдау жасаңыз.
Айналы көзәйнектер
Осы жылдың көктем-жаз маусымдарының басты трендтерінің бірі - айналы көзәйнектер. Бұндай аксессуар кез келген бейнеге жарасып, оған ерекшелік қосады. Осындай көзілдірік таңдағанда, түрлі-түстілеріне назар аударыңыз, көгілдір, жасыл және күлгін түстері әсіресе сәнді болып саналады.
Clubmaster пішіні
«Clubmaster» деп аталатын көзәйнектер моделі сонау 50 жылдарда үлкен танымалдыққа ие болған. Бұл көзілдіріктер баяғыдан бері классикалық модельдердің біріне айналды. Өз кезегінде олар күнделікті casual бейнелермен жарасады.
Мөлдір жиекті көзәйнектер
Осы көктемнің жаңа тренді – жиектемесі мөлдір көзілдіріктер. Сәнді, әрі өте ерекше! Бұндай аксессуармен бірден көпшіліктің назарында боласыз.
"Мысық көз" пішіні
Ретро стильіндегі "мысық көз" пішінді көзілдіріктер әлі сәнде. Бұндай аксессуарды шілтер мен гүлдермен өрнектелген романтикалық көйлектермен, белі биіктетілген шорты не белдемшелермен киген дұрыс.
Түрлі-түсті жиекті
Гардеробыңызда болуы керек тағы да бір аксессуар - түсті жиектемелі көзілдірік. Жарқын түсті сырға мен далаппен бірге ол бейнеңізді нағыз көктемгі қылып, ойнақылық пен көңіл-күй қосады.
Ерекше декор
Түрлі суреттермен, өрнектермен, басқа да ұсақ-түйектермен әшекейленген көзәйнек сізді батыл сәнқой қыздар қатарына қосады.
Дөңгелек көзілдіріктер
Джона Леннонның бейнесімен шабыттанып, дөңгелек пішінді көзілдіріктер алыңыз. Оның түсі мен көлемі өзіңіздің талғамыңызға байланысты.
Апқ жиекті көзәйнектер
Ақ жиектемелі көзілдірік - маусымның ең сәнді түстерінің бірін қолданудың жақсы амалы.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: fabsugar.com