Көктем – 2019: Тренд белдемшелер

Көктем – 2019: Тренд белдемшелер
Фото: vk.com

Белдемше әйел адамдар үшін көктемнің белгісіндей. Наурыздың алғашқы жартысына дәл келетін мерекеге орай нәзік жандылар көйлек пен белдемшелерін кие бастайды. Тіпті, қыстың ызғары қайтпаса да.

Ал, солардың ең сәнді үлгілерін таңдап алу үшін төмендегі ақпаратқа назар салыңыз.

Плиссе

Плиссе – 2019 жылдың көктемі мен жазының негізгі тренді. Әсіресе, макси ұзындықтағыылары аса сәнді көрінеді. Ондай үлгіні күнделікті кие алмасаңыз, жұмыс пен өзге кездесулерге миди модельдерін алыңыз. Бастысы, олар ашық түсті болсын.

Трапеция

Миуччиа Прада жаңа маусымда 1960-шы жылдар сәніне қайта оралды. Бұл бүкіл сән үйлерінің мини белдемшелердің түрлі нұсқаларын ұсынуына алып келді. Әсіресе, трапеция пішінділері бірден көз тартады. Оларды тек аласа тақалы аяқ киіммен үйлестіріңіз.

Асимметрия

Асимметриялы белдемшелер – эпатажсыз-ақ батыл көріну мүмкіндігі. Оларды ақ жейдемен жұмысқа кисеңіз, кешкі кездесуге қызыл не қара кофтамен үйлестірсеңіз болады.

Алқызыл түс

Романтизмнің символына айналға алқызыл түсті белдемшелер көктем мен жазда өте сәнді көрінеді. Тек оның үстіне де ашық түсті жейделер таңдаңыз.

Ілгекті белдемше

1970-ші жылдары сәнде болған ілгекті белдемшелер fashion кеңістікке қайта оралды. Бұған себепкер – Жанна Дамас, Каролин де Магрэ сынды сәнқой француз қыздары. 

А. Оралқызы