- Негізгі бет
- Сән
- Көктем-2013: Сәнді трендтер...
Көктем-2013: Сәнді трендтер
Көктемнің басталуына бірер күндер ғана қалды. Бұл кезді көктемгі гардеробтағы жаңартуларды жасау үшін пайдаланыңыз. Ал біз сізді сәнді болатын трендтермен таныстырайық.
Жолақтар. Тігінен, көлденең, жіңішке, не керісінше қалың жолақтар. Бастысы ақ-қара жолақтар осы көктемде өте сәнді болмақ.
Тор - танымал Louis Vuitton мен Marc Jacobs көрсетілімінде жиі кездесті. Үйреншікті ақ-қара тормен қатар, жасыл және сары түсті тор сәнде болады деп күтілуде.
Дизайнерлерді шығыс экзотикалық елдер тақырыбы шабыттандырған болар, көптеген танымал киім маркаларында құс, гүлдер, басқа да өрнектер салынған киімдер көп.
Қара костюм – көктемдегі жалғыз қара дақ.
"Жұмсақ толқындар" - нағыз көктемгі тренд. Үлкен бүрмелер жеңілдік пен нәзіктік сезімін сыйлайды.
Тропикалық суреттер - көктемде сәнді болатын ең "ыстық" тренд.
Саяхат тақырыбы жалғасуда. Шығыс елдері мен тропиктерден кейін дизайнерлер бізге ыстық сафариге аттануға кеңес береді. Хаки түстес киімдер қажетті көңіл-күйді жасауға көмектеседі.
Металлик тренді Burberry, Christian Dior, John Paul Gaultier сән үйлерінің көктемгі көрсетілімдерінде кездесті. Жарқырауға дайындалыңыз.
Бұршақ трендіне құмар жандар, қуаныңдар! Осы жазда бұршақ көйлектер қайта сәнде.
Алтын жылтырақтар салтанатты кештен шықпайтын қыздардың сүйікті тренді. 2013 жылдың көктем-жазында олар өте стильді саналады. Бұндай киімді қара түспен үйлестіріп киген жөн.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vogue.fr
С. А