Көктем-2013: Сәнді көзілдіріктер топтамасы

Көзілдіріктер күн сәулелерінен қорғаныс қана емес, сонымен қатар келбетімізді өзгерте алатын сәнді аксессуар. Көктемде қажет болатын бұйымды таңдағанда сәндегі трендтерді біліп жүргейсіз.

Жақсы көзілдіріктерге екі талап қоюға болады. Олар сапалы және сізге жарасып тұруы керек. Әр уақытта өзіңіздің бет пішініңізге келетін, ыңғайлы түрін таңдаңыз. Алайда сәнді жаңалықтар мен заманауи трендтерден де қалмаңыз.

 Мысық көз

 

Дизайнер мамандар киім және аксессуар саласында жаңа нәрсе ойламай, ескі трендтерді қайтып сәнге оралтуда. Кезінде танымал болған мысық көз пішінді көзәйнектер 50 жылдардан бастау алады. Алайда Jason Wu, Dior, Erdem мен Versace сән үйлері дәстүрлі пішінмен қатар олардың заманауи өзгертілген түрлерін ұсынады. 

70 жылдар

 

70 жылдары түрлі-түсті әйнекті көзілдіріктер сәнді бола бастады. Сәл мөлдір әйнектерден көзіңізді оңай байқауға болады. Қап-қара көзәйнекті ұнатпасаңыз не әдемі мэйк-апыңызды жасырғыңыз келмесе, осындай нұсқа сіз үшін арналған.

Спорт 

Бұл жаңа тенденцияның күнделікті өмірге ену-енбеуі белгісіз, алайда жоғары сән әлемінде бар екені сөзсіз. Дизайнерлер спорт экипировкасы не жұмысшылар униформасындағы көзәйнектерден шабыт ала бастады. Emilio Pucci мен Michael Kors, Rag & Bone мен Zero Maria Cornejo сән үйлерінің көзәйнектері қорғаныс маскалары мен экстремалды спорт түрлеріне арналған сияқты көрінеді.

Дөңгелек

 

 

Дөңгелек пішінді көзәйнектер бәріне бірдей жараса бермейді. Алайда ол осы көктем-жазда ең сәнді түрлерінің бірі болып қалмақ. Ақ-қара түсті, мөлдір әйнекті және басқа да түрлері сәнде болады.

Ерекше пішінді 

Еш трендке ұқсамайтын, ерекше пішінді көзілдіріктер де сән көрсетілімдерінде жиілей бастады. Dolce & Gabbana, Fendi, Carven, Nina Ricci-дің кейбір көзәйнектері қалғандарынан өзгешеленіп, өзіндік тренд жасағандай.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: wmj.ru