- Негізгі бет
- Сән
- Көктем-2013: макияждағы түстер...
Көктем-2013: макияждағы түстер
Макияжды жаңартатын кез де келді. Жарқын, нәзік, шынымен көктемдік түсті мэйк-ап көпшіліктің назарын тек сізге аудартады.
Көгілдір
80-жылдары өте сәнді саналған ашық жарқын көгілдір түсті көз бояулары қайта сәнде. Оның көмегімен сәнді стрелка салыңыз не қабақтың бәрін бояңыз, тіпті smoky eyes жасасаңыз да болады.
Қызғылт
Күңгірт түсті далаптарды келесі қысқа дейін сөреге салып қойыңыз. Ал әзірше жарқын, ашық қызғылт түсінің түрлі реңктерін қолданыңыз. Осы жолы жылтыр емес, керісінше бұлыңғыр текстуралы далапты таңдаңыз.
Қызыл
Қызыл далап сәнде болмайтындай маусым болды ма екен? Бірақ қыста жылтыр қызыл далап сәнді болса, енді бұлыңғыр түрлері - нағыз тренд.
Қызғылт-сары
Сәбіз түсі - қызыл түсті далапқа жақсы балама. Қызыл түсін қолдануға батылы жетпегендерге осындай далапты алуға кеңес береміз.
Жылтыр қызғылт (перламутр)
Теріні жайнататын бірден-бір түс осы. Құрамында қызғылт, алтын түстері араласқан жылтыр қабақ бояуы мен еңлік алып қойыңыз.
Қола түстес қабақ бояуы соңғы кезде өте сәнді деп танылып жүр. Қола түстес smoky eyes қарасынан да әсерлі көрінеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: HMI
С. А