Классика жасағым келеді...
"Chanel" сән үйінің іргетасын қалаған атақты француз дизайнері, сәнгер Коко (Габриель) Шанельдің ойлары әдемі киініп, жақсы өмір сүруге талпынған әр адамға арналады.
- Мен сәнмен айналыспаймын, сән деген - мына мен.
- Өз еркіңнің қожайыны, ар-намысыңның құлы бол.
- Ұсқынсыз әйел болмайды, еріншек әйел болады.
- Сізді әлдебір әйелдің сұлулығы ерекше таңғалдырғанымен, оның үстіне не кигенін есіңізге түсіре алмасаңыз, ол керемет киінген...
- Мен бүкіл әлем әйелдері үшін киім тігіп шығардым, ал олар келіп жалаңаш жүруге тырысады.
- Кедейлік - салтанатқа қарама-қайшы емес.
- Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жәй ғана ақымақ болғаны.
Коко Шанель
- Көйлектен әйелді іздеңіз. Егер әйелді таппасаңыз, көйлектің де болмағаны.
- Қыз жолы болмаған сайын әдемі болуға тырысуы керек.
- Әрбір қыз әрдайым нені және кімді қалайтынын біліп жүруі тиіс.
- Мен адамдарды ақшаны ұстауларына қарап бағалаймын. Ақша - мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел.
- Өзіңе деген күтім жүректен басталуы керек. Олай болмаған жағдайда, ешқандай косметика көмектесе алмайды.
"Сіз түнде не киесіз?" деген сұраққа атақты Мэрилин Монро "Нөмір 5-Шанельден аздап себемін" деп жауап берген екен"
- Әдемі көйлек ілгіште тұрғанда әдемі көрінуі мүмкін, бірақ бұл ештеңені шешпейді. Көйлектің қандай екенін әйелдің үстінде тұрғанда, ол қолы мен аяғын қимылдатып, бөксесін айналдырғанда ғана айтуға болады.
- Иіс су әйел туралы оның жазуынан да көп мағлұмат бере алады.
- Сәннің көшеге шыққанына сүйінемін, ал сәннің көшеден келуіне жол бермеймін.
- Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді.
- Шанель — сән емес, Шанель деген — стиль.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: the100.ru, rosdutyfree.ru, bisquit-mag.ru
Р. Роза