Chanel – әлемдегі ең танымал француз сән үйі. Оның негізін Габриэль (Коко) Шанель салған. Киім, аяқ киім, сөмке, косметика, әшекей бұйымдар және түрлі хош иісті әтір өндіріп, өзін Pret-a-porter мен Haute Couture саласында көрсете білді. Аталған сән үйі 2013 жылы париждік Жоғарғы сән синдикатының құрамына кірді.
Негізін салушы кабареде ән салып жүргенінде «Коко» деген атқа ие болған екен. Шанельдің басты мақсаты ашық-шашық киімді әйел затына тән киімдермен алмастыру болған. Қазіргі таңда Шанельдің ең атақты туындысы «кішкене ғана қара көйлек» болып табылады.
Егер «Forbes» журналының сөзіне сенсек, дәл қазір бренд Коко Шанельдің ертеректегі серіктесі Пьер Вертхаймердің немерелері Алена мен Жерар Вертхаймерге тиесілі.
Енді тарихы туралы сөз қозғайық
Габриэль (Коко) Шанель 1883 жылы Францияның Сомюр өлкесінде дүниеге келген. Қызды 1985-1900 жылдар аралығында анасының қайтыс болуына байланысты әкесі балалар үйіне табыстайды. Осыдан кейін Шанель 1902 жылға дейін монах әйелдердің қолында тәрбие алып, киім тігуді үйренеді. Нәтижесінде Мулендағы шұлық пен колготкі сататын «Au Sans Pareil» дүкеніне жұмысқа тұрады.
Габриэль өлең айтып жүрген шағында қолында билігі бар француздық аристократ Этьен Бальзанмен танысады. Осы мырза Шанельге алғашқы дүкенін ашуға көмектеседі.
1909 жылы алғашқы дүкен Этьен Бальзанның үйінен ашылады. Шанельдің саудасының жүруіне Этьенннің махаббат пен жаңа таныстықты іздеген достары себеп болады. Олар осы мақсатта Этьеннің үйінен шықпайтын еді...
Осы уақытта Шанель ағылшын Артур Кейпелмен кездесе бастайды. Ол да Шанельдің бойынан алға ұмтылған кәсіпкерді көріп, 1910 жылы Париждің Камбон көшесінде шляпі сататын дүкен ашады. Өкінішке орай, бұл жерде дүкен бұрыннан бері орналасып қойғандықтан, ателье ашуға рұқсат берілмейді.
1913 жылы Францияның Довиле мен Биарритце қалаларында жаңа бутиктерін ашып, әйелдерге арналған спорттық киімдер топтамасымен таныстырады.
Коко бар болғаны талғамсыз киінетін ханымдардың стиліне сын көзбен қараған.
Жалғасы бар ...
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fictionbook.ru