Финляндияның Rens стартапы кофенің түбіндегі ұнтағынан тігілген әлемдегі алғаш кроссовкаларды сатуға шығарғалы отыр. Олар сәннің дамуына үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар тамақ қалдықтарының табиғатқа теріс әсерін азайтады.
Компанияның мәліметінше, әлемде күн сайын 2 миллиардтан астам кесе кофе тұтынылады. Ал оның қалдықтары озон қабатын ластайды және мұхитты қышқылдандыратын парниктік газдарды шығарады.
Жүгіруге арналған аяқ киімнің қоршаған ортаны қорғаудан басқа бірқатар қосымша практикалық артықшылығы бар. Олар ылғалды жақсы сіңіреді, жағымсыз иісті жояды және тез құрғайды.