Кино кейіпкерлері имиджінің көптеген элементтерінің ішінде шаш үлгілері жиі көшіріледі. Осыған байланысты танымал кино жұлдыздарының аңызға айналған шаш үлгілерімен таныс бола жүріңіз.
Мэрилин Монроның платиналы толқындарын жарнамалық түсірілімдер мен қызыл кілемде жиі көреміз. ХХ ғасырдың ең тартымды актрисасының имиджін Кристина Агилера, Мадонна, Мишель Уильямс, Гвен Стефани, Рената Литвинова, Пэрис Хилтон және тағы басқа жұлдыздар өзіне жарастырып көрген.
Одри Хепберннің «Тиффанидегі таңғы ас» фильміндегі биік богемалық шаш үлгісі кино тарихындағы ең танымал шаш үлгісі болып саналады. Әшекейсіз мұндай шаш үлгісін күндізгі уақытта, ал әшекеймен жиын-тойларға жасатуға болады. Мұндай шаш үлгісін көбіне қалыңдықтар қайталағанды жақсы көреді.
Бастың төбесінен бастап өрілетін француздық қатты өрім, шындығында, аса жаңалық емес. Алайда «Лара Крофт: мазар тонаушы» фильміндегі Анджелина Джолидің осы шаш үлгісі кейін өте танымал болды. Мұндай шаш үлгісімен ұзын шаш әрекет етуге кедергі келтірмейді.
Шашты түбінен түту арқылы төбесіне көтеру шаш үлгісін ең алғаш Бриджит Бардо кинодағы рөлінде көрсеткен еді. Бабетта деген атау алған бұл шаш үлгісі 60-шы жылдары өте танымал болды. Бертін келе төбеге көтерілген шаш біраз түсіп, буылған шаштардың сәнін келтірді.
Самай тұсынан көтерілген шаш төбеге қарай дөңгелене түйілген, ал шаштың ұшы жұмсақ толқындармен сәнделген. Мұндай шаш үлгісінің негізін Вивьен Ли салып берген. Қазірде танымалдылығы жоғалса да, осындай шаш үлгісімен қызыл кілемде жарқырайтын жұлдыздар көп.
«Достар» телехикаясының кейіпкеріндегідей каскад шаш үлгісі 90-шы жылдары қарапайым жұртшылық арасында ең көп қолданылатын шаш үлгісі болды. Бұл қарапайым шаш үлгісі орта ұзындықтағы шаштардың сәні үшін таптырмас шешім болған еді.
Классикалық карэ – тегіс, иыққа дейін түсетін, түзу кекілді және ұшы ішке бұйраланған. 90-шы жылдары бұл шаш үлгісі Ума Турманның кейіпкерінің арқасында танымал болды.
Джулия Робертстің «Сұлу бикеш» фильмінен кейін көптеген сұлулар шаштарына химиялық бұйралау жасату үшін сұлулық салондарына аттанды. Бұл шаш үлгісінің танымал болғаны соншалық, осы шаш үлгісін ойлап тапқан голливудтық стилисті табысты етті.
Аздаған кекілі бар түзу шаш. Бұл қарапайым, бірақ өте биязы шаш үлгісінің көптеген түрлері бар. Актриса Джейн Биркиннің арқасында мұндай шаш үлгісі бүгінге дейін ең көп қолданылатын шаш үлгісі болып есептеледі.
Шашты тықырлап алу. Рөл үшін Деми Мурға қолаң шашымен қоштасуына тура келді. Бұл түбегейлі өзгеріске батылы жетпей жүрген аруларды шабыт сыйлап, мұндай шаш үлгісімен де қыздар әдемі әрі тартымды бола алатынын дәлелдеді.
Сурет: styleway.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина