Дүкенде қымбат киімдерді сатып алып тұрып, не себепті артық ақша төлейтіндігіңіз жайында ойланып көрдіңіз бе? Бағасының қымбат болуының бір себебі бар екені анық. Олай болса сол себептерді біле жүріңіз.
1. Бренд
Acne, COS, MMM, LV немесе Dolce & Gabbana брендтерінің кеудешелері арзан болуы мүмкін емес, себебі бағасы төмендеген жағдайда брендті сатып алушылар саны күрт азаяды. Мұндай кеудешелерді сатып алғанда міндетті түрде осы брендтің аксессуарларын сатып алу да сәнге айналды.
2. Өзектілік (хайп)
Әдетте киімнің өтімділігін үлкен подиумда көрсетілуі, атақты адамдардың киюі, интернет желісіндегі сәнді суреттер мен нәтижелі жарнама арттырады. Мысалы:
- Португалияда сапасы төмен мақтадан тігілген Givenchy жеңіл жейдесі әлемде жылдам сатылуда.
- Атақты дизайнерлер Умберто Леона мен Кэрол Лимнің қолынан тігілген Kenzo жемпірі қарапайым тігісіне қарамастан аз ақша тұрмайды. Яғни брендтің өтімділігіне сапасының әсері аз.
3. Дәреже
Мұнымен қатар, брендтің дәрежесі де өте маңызды. Мысалы, Kiton костюмы мен итальяндық қарапайым брендтің арасы жер мен көктей. Үстіндегі киімге қарап адамдардың жалақысының мөлшерін де анықтауға болады. Ауқатты адамдар киімге ақшасын аямай жұмсайтындығы содан болар.
4. Мата
Матаның бағасы сапасына дәл келе бермейді. Ақшаны матаның керемет құрылымы үшін төлейді. Бұл қарапайым ғана жұмсақ әрі жұқа мақта немесе емен түстес табиғи зығыр мата (лен) болуы мүмкін. Оларды әдетте түрлі-түсті әрі ұзақ уақыт шыдамды деп жарнамалайды. Алайда 45 000 теңгеге сатып алынған жеңіл жейдешелер небары бір айдан соң сетінеп жатады.
Жүгіруді жақсы көретін адам ауаны жақсы өткізетін жеңіл жейдешені, бизнесмен матасы созылмайтын шалбарды, аллергиясы бар адамдар гипоаллергиялық киімдер алғысы келеді, бірақ мұның барлығын қамтитын брендтер әзірге жоқ.
5. Идея
Көп ақшаны жаңашылдығы, ерекшелігі, бірегей идеясы үшін төлейміз. Мысалы, Ann Demeulemeester кулоны. Мұны қайталап жасап шығару мүмкін емес.
6. Сиректік
Қымбат брендтердің жеңіл жейдешелері, көзілдіріктері, спорттық аяқ киімдері болсын, барлығының саны шектеулі. Оларды көп адамның үстінен көре бермейміз. Мысалы, Nike, Roshe Run, Metric, QS брендтері. Әйелдерге арналған моделі Roshe Run деп аталады. Киім дүкендері әйел адамдардікін көбірек алып, ер адамдардың аяқ киіміне тапсырысты аз берген. Осы жылдың мамыр айында шыққан бұл киімдерді екі есе бағасымен сатып алу мүмкін болмай отыр.
7. Күрделілігі
Кейбір заттардың құрылымы шын мәнінде де күрделі. Бұл жерде мата күрделілігі мен тігіс күрделілігін шатастырмаңыздар. Онда басты назар көп брендтермен тікелей жұмыс істеп көрген тігіншілерге ауады. Себебі олар матаның күрделі түрлеріне қарамастан, кез келгенін ойдағыдай тіге алады. Мысалы: Aitor Throup, Umbro, CP Company, Stone Island, Acronym.
8. Тарихы
Бұл тек херитейджге ғана емес, жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқан маркаларға да байланысты. Жаңа пайда болған тігін зауыттары тарихта ерекше есте қалған үлгілерді сәнге айналдырып, жаңбырдан кейін пайда болған саңырауқұлақтардай сатылымға шығады. Мысалы, Edwin, Levi’s Vintage Clothing, Geoffrey B. Small, IISE, Gustin.
9. Арнайы өлшем
Арнайы өлшеммен тігілген киімдер жарасымды әрі қонымды болып тұрады. Мұндай киімге ақшаны ойланбай-ақ жұмсауға болады. Өзіңізге де ыңғайлы, сырт көзге де жағымды.
Қорытынды
Жоғарыда киімдердің ұзақ мерзімге жарайтындығы туралы еш жерде жазылмаған. Өндіріс кезінде ол мәселе назарға алынбайды. Киімді ұзақ кию үшін емес, талғаммен таңдағаныңыз жөн болар.
Қымбат киім сатып алудың бірнеше себебі бар екен, әрдайым киімді сатып алмас бұрын ақшаны не үшін артық төлейтініңізді біле жүріңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Дереккөз: furfurmag.ru
Басты суретте "Астана" баскетбол командасының
ойыншысы Рустам Яргалиев
Сурет: furfurmag.ru, vesti.kz